Дүйсембі Әріпов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дүйсембі Әріпов
Лауазымы
Ту
Ту
Маңғыстау облыстық халық депутаттарының председателінің уақытша міндетін атқарушы
1993 — 1994
Ту
Ту
Бейнеу ауданының атқарушы комитетінің бірінші председателі
Ту
Ту
1978 — 1990
Ту
Ту
Бейнеу ауданының атқарушы комитетінің председателі
Ту
Ту
1973 — 1975
Ту
Ту
Маңғыстау ауданының партия комитетінің секретарі
Ту
Ту
1972 — 1973
Өмірбаяны
Партиясы Нұр Отан
КОКП (1970-91)
Білімі ҚазМУ
Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институты
Дүниеге келуі 1 қаңтар 1933 (1933-01-01) (91 жас)
Тұщықұдық, Гурьев облысы, Қазақ АКСР (қазіргі Қазақстан), КСРО
Марапаттары
Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы
Ақтау қаласының құрметті азаматы

Әріпов Дүйсембі (1933 жылы туған, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – партия, кеңес қызметкері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі[1] (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).[2]

ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) физика-математика факультетін (1956), Алматы жоғары партия мектебін (1972), Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1972).

19601975 жылдары Маңғыстау ауданы «Еңбек туы» газетінің партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы.

19751978 жылдары Маңғышлақ облысы партия комитетінің ұйымдық-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

19781990 жылдары Бейнеу аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып қызмет атқарған.[3]

19901993 жылдары Маңғыстау облыстық кеңесі төрағасының орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі, облыстық мәслихат қызметкері болған.

1997 жылы шыққан «Маңғыстау энциклопедиясының» Бас редакторының орынбасары

Марапаттары мен шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Жас коммунистер тәрбиесі» (1985), «Маңғыстау – маңғаз мекенім» (2001), «Өркенді өлке, өнегелі өмір» (2002) атты кітаптардың авторы.

Ақтау қаласының құрметті азаматы (2006). «Халықтар достығы» орденімен (1983), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1982) марапатталған.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
  2. «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
  3. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
  4. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007