Дюверже Морис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



Дюверже Морис
Дүниеге келгені: 1917 ж. маусымның 5 (1917—06—05) (107 жас)
Ангулем, Франция
Ұлты: француздық
Мансабы: француз әлеуметтанушысы,
саясаттанушысы

Дюверже Морис (1917) - француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Сорбоннада саяси әлеуметтану профессоры болған, саяси жүйелерді салыстырмалы зерттеу орталығына жетекшілік еткен. "Саяси партиялар", "Саясат әлеуметтану: саяси ғылым элементтері", "Янус. Батыстың екі жүзі" және т.б. еңбектерінде ол биліктің екі-жүзділігі тұжырымын қалыптастырды. Билік о бастан екіжүзді, өйткені саясат жеке адамдар мен топтардың арасындағы билік үшін күресті білдіреді, онда жеңгендер жеңілгендерге кесірін тигізетін артықшылықтарды иемденіп, мемлекеттің барлық ресурстарын өздеріне қолайлы әлеуметтік тәртіп орнату арқылы жұмсайды. Билікті осылайша түсіне отырып, Дюверже Морис қақтығғысқа функционалды және интегративті тәсілдерді біріктіруге талпынды.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3