Достық ордені (Қырғызстан)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Достық» ордені
Шынайы атауы қыр. Достук ордени
Мемлекет  Қырғызстан
Түрі Орден
Жағдайы беріледі
Негізделді 18 тамыз 2017 жыл
Алғашқы иегері 30 тамыз 2017 жыл
Соңғы иегері 18 сәуір 2024 жыл
Барынша ұсынылған 41 адам
Order of Friendship (Kyrgyzstan) Ортаққорда

«Достық» ордені (қыр. Достук ордени) — Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаты.

Орденмен бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін азаматтар марапатталады.

Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Достық» ордені Қырғызстан президентінің жарлығымен 2017 жылдың тамызында бекітілген. Бірінші санаттағы мемлекеттік марапаттарға жатады.

Ережесі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Достық» орденімен:

  1. халықтар арасындағы достық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы, Қырғызстан Республикасының басқа мемлекеттермен жан-жақты ынтымақтастығын нығайтудағы жетістіктері үшін;
  2. халықаралық, әлеуметтік, қайырымдылық және гуманитарлық қызметтегі жетістіктері үшін;
  3. елдегі рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға және арттыруға қосқан жеке үлесі, адам құқықтары мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін марапатталады.

«Достық» ордені «Даңқ» орденінен кейін кеуденің сол жағына тағылады.

Сипаттамасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Достық» ордені күмістен жасалып, шашыраңқы сәулелер түрінде жасалған дөңес алты бұрышты жұлдыз тәрізді. Жұлдыз алтынмен қапталған, сәулелердің қарама-қарсы ұштары арасындағы қашықтық 55 мм.

Орденнің орталық бөлігінде тұмар — ежелгі үшбұрышты қырғыз бойтұмары бейнеленген бастырма орналасқан. Үшбұрыштың қабырғалары 38 мм. Шеттері алтынмен қапталған. Тұмардың жоғарғы бөлігінде халықтар арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достықты білдіретін «үздіксіздік» белгісі, ортасында — «Достық» жазуы, төменгі бөлігінде — қырғыз ұлттық ою-өрнегі элементтері бейнеленген. Тұмардың барлық элементтері алтынмен қапталған және көк эмальдан жасалған көк фонда орналасқан.

Жұлдыздың алдыңғы жағы ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Жұлдыздың ұштары арасындағы бос орындарда көк цирконий тастармен безендірілген алты күміс элемент орналасқан.

Арт жағының төменгі жағында реттік нөмірі бар. Орденді қадауға түйреуіш бар.

Орденнің иегерлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2017 жыл (22 адам)[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қадырбек Окумбекұлы Бусурманкулов — «Замандас» қырғызстандықтар мен отандастар халықаралық конгресі» қауымдастығының төрағасы (30 тамыз 2017 жыл, № 189)[1]
  2. Семен Олегович Кузнецов — Бішкек және Қырғызстан епархиясының архиереясы - Бішкек және Қырғызстан епископы Даниил (30 тамыз 2017 жыл, № 189)
  3. Әбдішүкір Исламұлы Нарматов — Қырғызстан ғұламалар кеңесінің төрағасы (30 тамыз 2017 жыл, № 189)
  4. Мақсатбек Тоқтамысұлы Тоқтамысов — Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының Қырғызстан мұсылмандарының Әзірет мүфтиі (30 тамыз 2017 жыл, № 189)
  5. Анатолий Серафимович Черных — «Автомаш-Радиатор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (30 тамыз 2017 жыл, № 189)
  6. Орталық Азиядағы Америка университеті — Бішкек қ. (30 тамыз 2017 жыл, № 189)
  7. Ресей Славян университеті — Бішкек қ. (30 тамыз 2017 жыл, № 189)
  8. Қырғыз-түрік «Манас» университеті — Бішкек қ. (30 тамыз 2017 жыл, № 189)
  9. Португалия Антониу Гутерриш — Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы (30 тамыз 2017 жыл, № 190)[2]
  10. Ресей Рүстем Зәкиұлы ХамитовБашқұртстан Республикасы басшысы (30 тамыз 2017 жыл, № 191)[3]
  11. Ресей Рүстем Нұрғалиұлы МиңнехановТатарстан Республикасы президент (30 тамыз 2017 жыл, № 192)[4]
  12. Ресей Бронтой Янгович Бедюров — Алтай Республикасының халық жазушысы (30 тамыз 2017 жыл, № 193)[5]
  13. Италия Федерика Могерини — Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі (8 қараша 2017 жыл, № 250)[6]
  14. Ахматжан Тұрсынұлы Әбдірахманов — Баткен облысы Қадамжай ауданы Үшқорған ауыл округінің басшысы (14 қараша 2017 жыл, № 256)[7]
  15. Әнуар Артықұлы Артықов — Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (20 қараша 2017 жыл, № 262)[8]
  16. Тоқтыкүшік Болатбекұлы Мамытов — Қырғызстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі (20 қараша 2017 жыл, № 262)[9]
  17. Мохаммад Абдурахман Ахмад Альшайа — «Ас-Сафа Центр» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (20 қараша 2017 жыл, № 262)[10]
  18. Мирослав Жұмабекұлы Ниязов — Қырғызстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (20 қараша 2017 жыл, № 262)[11]
  19. Алтынбек Тұрдыбайұлы Сүлейменов — Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (20 қараша 2017 жыл, № 262)[12]
  20. Өмірбек Асылбекұлы Үмітәлиев — «Қырғызстан Республикасы ақсақалдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (20 қараша 2017 жыл, № 262)[13]
  21. Ресей Александр Васильевич Масляков — Халықаралық КВН одағының президенті, КВН телебағдарламасының жүргізушісі және режиссері (21 қараша 2017 жыл, № 267)[14]
  22. Өзбекстан Фаррух Кәрімұлы Зәкіров — әнші, композитор, «Ялла» вокалды-аспаптық ансамблінің көркемдік жетекшісі (21 қараша 2017 жыл, № 268)[15]

2019 жыл (1 адам)[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақстан Сейітхан Жошыбаев — кардиохирург, Қазақстан Республикасы, Тараз қаласындағы «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (28 тамыз 2019 жыл, № 114)[16]

2020 жыл (1 адам)[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Ресей Сергей Күжүгетұлы Шойгу — Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі (20 ақпан 2020 жыл, № 38)[17]

2021 жыл (5 адам)[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақстан Баянғали Тоқанұлы ӘлімжановҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург, ақын-импровизатор және манасшы (1 наурыз 2021 жыл, № 60)[18]
  2. Баюми Саид Мохамед Елсаид — «Дүниежүзілік жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің президенті (27 тамыз 2021 жыл, № 363)[19]
  3. Әзербайжан Болат Бұлбұлоғлы — композитор, әнші, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының басқарма төрағасы (27 тамыз 2021 жыл, № 366)[20][21]
  4. Қазақстан Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев — «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (6 қазан 2021 жыл, № 417)[22][23]
  5. Ресей Владимир Александрович Колокольцев — Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі (12 қазан 2021 жыл, № 434)[24]

2022 жыл (3 адам)[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Франция Жозеф Пьер Люк Тардиф — Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының президенті (28 ақпан 2022 жыл, № 66)[25]
  2. Мажарстан Петер Сийярто — Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі (29 сәуір 2022 жыл, № 133)[26]
  3. Германия Торстен Свобода — «Пульгон Жаңа-Жер» жобасының инвесторы, EDUVISO неміс компаниясының басшысы(31 тамыз 2022 жыл)[27].

2023 жыл (4 адам)[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Акиф Кадырович Алафердов — «Қырғызстан-Әзербайжан» достық және ынтымақтастық қоғамының төрағасы (30 тамыз 2023 жыл)[28].
  2. Батырәлі Сыдықов атындағы Қырғыз-Өзбек халықаралық университеті (30 тамыз 2023 жыл).
  3. Қытай Ду Дэвэнь — Қытай Халық Республикасының Қырғызстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (30 тамыз 2023 жыл).
  4. Ресей Василий Борисович Шестаков — Халықаралық самбо федерациясының және «Самбо» дене шынықтыру мен спортты дамытудың халықаралық қоғамдық қорының президенті (18 желтоқсан 2023 жыл)[29].

2024 жыл (7 адам)[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақстан Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов — публицист, әдебиеттанушы, журналист, киносыншы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты (18 сәуір 2024 жыл)[30].
  2. Қазақстан Мырзатай Жолдасбеков — Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы (18 сәуір 2024 жыл).
  3. Қазақстан Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов — мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі (18 сәуір 2024 жыл).
  4. Қазақстан Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек — Астана қаласының әкімі (18 сәуір 2024 жыл).
  5. Қазақстан Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (18 сәуір 2024 жыл).
  6. Қазақстан Бауыржан Жұмаханұлы Омаров — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор (18 сәуір 2024 жыл).
  7. Қазақстан Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ректоры — басқарма төрағасы (18 сәуір 2024 жыл).

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. О награждении государственными наградами Кыргызской Республики. Президент Кыргызстана (30 тамыз 2017).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 22 қараша 2017.
  2. Антониу Гутерриш.(қолжетпейтін сілтеме)
  3. Хамитов Рустэм Закиевич.(қолжетпейтін сілтеме)
  4. Минниханов Рустам Нургалиевич.(қолжетпейтін сілтеме)
  5. Бедюров Бронтой Янгович.(қолжетпейтін сілтеме)
  6. Могерини Федерика.(қолжетпейтін сілтеме)
  7. Абдурахманов Ахматжон Турсунович.(қолжетпейтін сілтеме)
  8. Артыков Анвар Артыкович.(қолжетпейтін сілтеме)
  9. Мамытов Токтокучук Болотбекович.(қолжетпейтін сілтеме)
  10. Мохаммад Абдурахман Ахмад Альшайа.(қолжетпейтін сілтеме)
  11. Ниязов Мирослав Джумабекович.(қолжетпейтін сілтеме)
  12. Сулайманов Алтынбек Турдубаевич.(қолжетпейтін сілтеме)
  13. Уметалиев Омурбек Асылбекович.(қолжетпейтін сілтеме)
  14. Масляков Александр Васильевич.(қолжетпейтін сілтеме)
  15. Закиров Фаррух Каримович.(қолжетпейтін сілтеме)
  16. Сейітхан Жошыбаев.(қолжетпейтін сілтеме)
  17. Шойгу Сергей Кужугетович.(қолжетпейтін сілтеме)
  18. Алимжанов Баянгали Токанович.(қолжетпейтін сілтеме)
  19. Баюми Саид Мохамед Елсаид.(қолжетпейтін сілтеме)
  20. Ряд лиц награждены государственными наградами Кыргызской Республики в рамках перекрёстного жыл Кыргызстана и России.(қолжетпейтін сілтеме)
  21. Бюльбюль оглы Полад.(қолжетпейтін сілтеме)
  22. Президент Садыр Жапаров наградил государственных и общественных деятелей Казахстана за значительный вклад в укрепление дружбы между странами.(қолжетпейтін сілтеме)
  23. Абыкаев Нуртай.(қолжетпейтін сілтеме)
  24. Колокольцев Владимир Александрович.(қолжетпейтін сілтеме)
  25. Тардиф Жозеф Пьер Люк.(қолжетпейтін сілтеме)
  26. Сийярто Петер
  27. Посол в Украине, депутат и правозащитница. Кто ещё получил ордена и медали.(қолжетпейтін сілтеме)
  28. Ряд кыргызстанцев награждены госнаградами ко Дню независимости.(қолжетпейтін сілтеме)
  29. Указ Президента Кыргызской Республики от 18 декабря 2023 жыл № 345 «О награждении государственными наградами Кыргызской Республики»
  30. Государственный секретарь Суйунбек Касмамбетов вручил государственные награды деятелям культуры Казахстана