Домарацкий диаграммалары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Домарацкий диаграммалары — метаморфтық таужыныстардың бастапқы табиғатын анықтауға арналған петрохимиялық диаграммалар. Домарацкий диаграммаларында метаморфизмнің қарқыны ескеріліп,бастапқы таужыныстың құрамы салғырт кұрамбөліктердің қатынасы бойынша анықталады. Домарацкий диаграммаларының бес түрі бар. Олар барицентрлік координаталарда жасалған,осьтерге петрогендік элементтер тотықтарының мөлшері (масса %) мен олардың қосындысы көрсетілген. Диаграммада магмалық ультранегізді, негізді, орта,қышқыл және сілтілі таужыныстардың,шөгінді таужыныстардың және анық емес жыныстардың өрістері көрсетілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2