Долорес Ибаррури

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Долорес Ибаррури Гомес
Dolores Ibárruri Gómez
Сурет
Лақап аты

Пассионария

Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Қайтыс болған күні

12 қараша 1989 (1989-11-12)

Қайтыс болған жері

Мадрид

Азаматтығы

 Испания
 КСРО

Партиясы

Испания коммунистік партиясы

Мансабы

Бас хатшы, Испания коммунистік партиясының көшбасшысы

Долорес Ибаррури Гомес (ис. Dolores Ibárruri Gómez, Пассионария деген атпен белгілі (ис. Pasionaria, баск Dolores Ibarruri, "Pasionaria"; (9 желтоқсан 1895, Гальярта, Бискайя провинциясы — 12 қараша 1989, Мадрид) — испан және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері. Кенші отбасысында дүниеге келді. 1917 жылы Соморростро қаласында социалистік ұйымға кіріп, жұмысшы баспасөзінде Пасионария (Жалынды) деген атпен мақалаларын жариялай бастады.

Ибаррури 1920 жылы құрылған Испания коммунистік партиясын ұйымдастырушылардың бірі. 1930 жылдан Испания коммунистік партиясы ОК-нің, 1932 жылдан Саяси бюросының (1960 жылдан Атқару комитетінің) мүшесі. 1932 жылы Х. Диаспен]] бірге Испания коммунистік партиясы басқару мүшелерін сектанттық элементтерден тазартуда, 1934 жылы реакцияға қарсы күресте және 1935 – 36 жылы антифашистік Халық майданын құруда Ибаррури көп еңбек сіңірді. 1932 жылдан Испания коммунистік партиясының әйелдер арасындағы жұмысын басқарып, 1931 – 33 жылы Испания коммунистік партиясының орталық мүшесі «Mundo Obrero» газеті редакторларының бірі болды. Ибаррури алты рет ұсталып, түрмеге жабылды. Коминтерннің 7-конгресінде (1935 жылы) Коминтерн Аткомының мүшелігіне кандидат болып сайланды. 1936 жылы ақпанда кортес (парламент) депутаты, ал 1937 жылы кортес вице–председателі болып сайланды. Фашистік бүлікшілерге және Италия мен Германия интервенциясына қарсы күресте (1936 – 39 жылдары) Ибарруридің жалынды халық шешені және партия басшысы ретіндегі таланты ерекше күшпен байқалды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]