Долинка (Қарағанды облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кент
Долинка
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Қарағанды облысы

Ауданы

Шахтинск қалалық әкімдігі

Кенттік әкімдігі

Долинка кенттік әкімдігі

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°40′49″ с. е. 72°41′04″ ш. б. / 49.68028° с. е. 72.68444° ш. б. / 49.68028; 72.68444 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°40′49″ с. е. 72°41′04″ ш. б. / 49.68028° с. е. 72.68444° ш. б. / 49.68028; 72.68444 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1909

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

6 308[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

09

Долинка картада
Долинка
Долинка
Долинка картада
Долинка
Долинка

Долинка (Қоңыртөбе) — Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты кент.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шахтинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан.

Іргесі 1909 жылы қаланған. 1909 жылы Халық Ағарту министрлігінің атынан мектеп пен ғибадатхана тұрғызылды, мың пұт астыққа арналған қоғамдық қойма салынды. Кусаин Абузаров, Яков Батерфельд, Павел Семенов және Григорий Черных сауда жасаған төрт азық-түлік дүкені болған. Жыл сайын 20-ы ақпан мен 1-ші қыркүйек арасында жәрмеңкелер өткізілген. 193159 жылдары КСРО-ның ГУЛАГ жүйесіне қарасты Қарағанды лагерлерінің (Карлаг) орталығы болды. Кентте Долинка шахта құрылысы кәсіпорны бар[2].

Долинкадан алыс емес жерде "Мамочкино кладбище" мемориалдық кешені орналасқан және онда 1930-1940 жылдары балалар мен олардың аналары, яғни Карлаг тұтқындары жерленген[3]. Жерлеу орындары бұрынғы Карлаг басқармасы ғимаратынан бірнеше шақырым жерде орналасқан[4]. "Мамочкино кладбище" мемориалдық кешенінің аумағында Карлаг лагерлерінде қаза тапқан украиндықтарға ескерткіш ашылған. Ескерткіш 2005 жылы 21 қыркүйекте ашылды және репрессияға ұшыраған украиндықтарды мәңгі еске алады. Олардың қатарында діни қызметкер Алексей Зарицкий болды. Ол 2001 жылы 27 маусымда Рим Папасы Иоанн Павел II-нің сапары кезінде 28 Украиналық грек католиктерінің қатарына қосылған болатын[5]. Монумент Украиналық грекокатолиялық шіркеу өкілдерінің бастамасы бойынша бір кездері Карлаг еңбекпен түзеті лагері (қазіргі Карлаг мұражайы) орналасқан аумақта орнатылды[6]. Зират ресми түрде 1960 жылдардың басында жабылды және 2003 жылы ғана мемориалдық кешен мәртебесін иеленді[7].

1909 жылдың соңына қарай Долинкада 280 отбасы, барлығы 1634 адам (812 әйел және 822 еркек) болған. Еділден келген шаруаларға 15303,4 оңдық жер берілген [8].

Саны (1999, 2009, 2021)[9][10]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
6390 5350 6304 117,8 2667 3820 143,2 2683 2484 92,6

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]