Диорит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Диорит (грек. dioriso — бөлемін) — интрузиялық орта магмалық тау жынысы. Ол негізінен орта плагиоклаз бен горнблендтен тұрады. Қалыпты диоритте плагиоклаз 65-70%, горнбленд 30-35% құрайды. Егер плаглиоклаз бүл мөлшерден артық болса, онда диорит лейкократты немесе лейкодиорит деп, егер керісінше фемалық минерал артық болса, онда диорит меланократты немесе меланодиорит деп аталады. Диоритте фемалық минерал кейде горнбленд емес, пироксен не биотит болып келеді, онда оларды пироксенді диорит, биотитті диорит дейді. Құрамында кварцтың мөлшері 10— 20% түрін кварцты диорит дейді. Акцессор минералдар апатит, сфен, магнетит болып келеді. Диориттің түсі плагиоклаздың ақшыл, фемалықтардың қара болуына байланысты көбінесе шүбар, кара ала болады. Бітімі — шомбал, кейде шлирлі, бағдарлы. Құрылымы біркелкі орта түйірлі, кейде үсақ не ірі түйірлі, порфирлілеу болады. Диорит штоктар, лополитгер, лакколитгер, сидцар, сығьшмалар құрайды. Олармен темірдің, мыстың, алтыннның кендері кездеседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Қүсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2