Димитр Бербатов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Димитр Бербатов Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Берба[1]

Туған күні

30 қаңтар 1981 (1981-01-30) (43 жас)

Туған жері

Благоевград, Болгария

Азаматтығы

 Болгария

Бойы

189[2]

Позиция

шабуылшы

Клуб карьерасы[* 1]
1998—1999 Болгария Пирин (Благоевград) 9 (2)
1999—2001 Болгария ЦСКА (София) 49 (26)
2001—2006 Германия Байер 04 154 (69)
2001 Германия Байер 04 Аматёре 7 (6)
2006—2008 Англия Тоттенхэм Хотспур 70 (27)
2008—2012 Англия Манчестер Юнайтед 108 (48)
2012—2014 Англия Фулхэм 51 (19)
2014—2015 Франция Монако 38 (13)
2015—2016 Грекия ПАОК 17 (4)
2017—2018 Үндістан Керала Бластерс 9 (1)
1998—2018 Барлығы 512 (215)
Ұлттық құрамы[* 2]
1999—2010  Болгария 79 (48)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Димитр Иванов Бербатов (болг. Димитър Иванов Бербатов; 30 қаңтар 1981 жыл, Благоевград, Болгария) — болгариялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасының бастапқы бөлігінде Болгарияның "Пирин", ЦСКА клубтарында доп тепті.

2001 жылы қаңтарда "Байер 04" клубына ауысты. 2001/02 жылғы маусымда клуб Чемпиондар лигасының финалына шықты, Бербатов "Лион", "Ливерпуль" клубтарына гол соқты. Финалда "Байер" "Реал Мадридтен" ұтылып қалды. Бербатов бұл ойынға да қатысты. Жалпы өз карьерасында Чемпиондар лигасы финалында үш рет ойнады, үшеуінде де командасы ұтылды (2009, 2011 жылдары "Манчестер Юнайтед" сапында).

2006 жылы "Тоттенхэмге" ауысты. 2006/07 жылғы маусымда жалпы 49 кездесуде алаңға шығып, 23 голдың авторы атанды.

2008 жылы 1 қыркүйекте "Манчестер Юнайтед" футболшысы атанды. Манчестерлік клуб сапында төрт маусым ойнады.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2004 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында 48 гол соғып, құрама тарихындағы мергендер көшін бастап келеді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ЦСКА (София)

  • Болгария кубогы: 1999

«Байер»

  • Германия вице-чемпионы: 2002
  • Германия кубогының финалисі: 2002
  • Чемпиондар лигасының финалисі: 2002

«Тоттенхэм Хотспур»

  • Лига кубогы: 2008

«Манчестер Юнайтед»

  • Англия чемпионы (2): 2008/09, 2010/11
  • Лига кубогы (2): 2009, 2010
  • Англия суперкубогы (2): 2010, 2011
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2008
  • Чемпиондар лигасының финалисі (2): 2009, 2011
  • Англия чемпионатының үздік мергені: 2010/11
  • Болгарияның үздік футболшысы (7): 2002, 2004, 2005, 2007, 2008, 2009, 2010

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Boss welcomes Berba return  (ағыл.), ManUtd.com (26.11.2009).
  2. 9. Dimitar Berbatov  (ағыл.), ManUtd.com.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]