Джульетта (фильм, 2016)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Джульетта
Julieta
Фильмнің постері
Жанры

Драма , Мелодрама

Режиссёрі

Педро Альмодовар

Продюсері

Агустин Альмодовар
Педро Альмодовар
Эстер Гарсия

Сценарийдің авторы

Педро Альмодовар

Басты рөлдерде

Адриана Угарте,
Эмма Суарес,
Мишель Хеннер,
Инма Куэста,
Дарио Грандинетти

Операторы

Жан-Клод Ларьё

Композиторы

Альберто Иглесиас

Ұзақтығы

99 минут

Бюджеті

€1 350 000

Кассалық түсімі

695 250 $ [1]

Мемлекет

 Испания

Тілі

испан тілі

Шыққан жылы

2016

IMDb

ID 4326444

http://julieta-lapelicula.com/

«Джульетта» (ис. Julieta) — режиссер Педро Альмодовараның, канадтық жазушы Элис Манроның "Runaway" жиынтығынан алынған үш әңгімесі желісімен түсірілген 2016 жылғы испандық фильм. Прокатқа фильм Испанияда 8 сәуір 2016 жылы[2] шықты. Сол жылдың мамыр айында Канн кинофестивалі шеңберінде көрсетілді.

Джульеттаның қызы белгісіз себептермен жоғалып кетеді. Оны іздеп жүріп Мадридке оралады. Бұл жер түрлі оқиғаларға толы жастық шағын есіне түсіреді. Сонымен қатар қызымен қарым-қатынасын алшақтатқан жағдай да осы жерде болған еді.[3]

Алғашында фильмге «Үнсіздік» (ис. Silencio) атауы берілмекші болды, сосын Альмадовар фильм атауын өзгертуді шешті, 2016 жылы шыққан Мартин Скорсезе «Үнсіздік» фильмімен шатастырып алмаулары үшін[4]. Түсірілімдер 2015 жылдың мамыр мен тамыз айлары Испанияның бірнеше аудандарында (Мадридте, Уэльва провинциясында,Андалусияда және Галисияда) түсірілді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]