Джоаккино Россини

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Джоаккино Антонио Россини

Джоаккино Антонио Россини (итал. Gioachino Antonio Rossini; 29 ақпан 1792, Пезаро, Италия13 қараша 1868, Пасси қаласы, Франция) — италия композиторы, дирижер, пианист.

18061810 ж. Болон музыкалық лицейінде А. Каведани (виолончель), С. Маттейден (композиция) дәріс алған. 14 жасында талантымен танылып, Болон филармония академиясына мүшелікке қабылданды. 1816 ж. 20 күннің ішінде жазылған «Севиль шаштаразы» атты операсы Россиді әлемге әйгілі етті.

1822 жылға дейін Сан-Карло (Неаполь) опера театрында қызмет істеп, кейіннен Вена, Лондон қаласын аралап, 1924 ж. Парижге тұрақтады. Екі жыл Италия операсына басшылық жасаған Росси «Корольдің бірінші композиторы» деген даңққа ие болды. Ол 40-қа жуық операның авторы. Әсіресе «Жібек баспалдақ» (1812), «Отелло» (1818), «Золушка», «Ұрлықшы сауысқан», «Моисей Египетте» (1818), «Вильгельм Телль» (1829), «Салтанатты месса» (1819), т.б. опералары белгілі. Сондай-ақ оның шығармашылығында 17 кантата, 5 квартет, скрипкаға арналған 6 соната, фортепианоға арналған 12 вальс, романстар, оркестрге арналған басқа да көптеген шығармалар бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9