Демерара-Махайка

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Демерара-Махайка (ағылш. Demerara-Mahaica) — Гайандағы аймақ. Әкімшілік орталығы — Парадайз қаласы.

Демерара-Махайка аймағы көрсетілген Гайана картасы

Солтүстігінде аймақ Атлант мұхитымен, шығысында Махайка-Бербис аймағымен, оңтүстігінде Жоғарғы Демерара-Бербис аймағымен, ал батысында Эссекибо аралдары - Батыс Демерара аймағымен шектеседі.

Демерара-Махайка аймағына Гайана астанасы — Джорджтаун қаласы, сонымен қатар Бакстон, Энмор, Виктория және Парадайз қалалары кіреді.

Гайана Үкіметі 1980 жылғы әкімшілік реформалардан бастап үш ресми санақ жүргізді: 1980, 1991 және 2002 жылдары.[1] Аймақ ең территориясы кіші болғанымен, оның ең көп халқы бар. 2012 жылы өңір халқы 313 429 адамға жетті.[2] Демерара-Махайка аймағындағы халық санағының ресми деректері:

  • 2012: 313 429 адам
  • 2002: 310 320 адам
  • 1991: 296 924 адам
  • 1980: 317 475 адам

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Beaie, Sonkarley Tiatun Chapter 3: National Redistribution and Internal Migration (PDF). Bureau of Statistics (19 қыркүйек 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 қыркүйек 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 29 тамыз 2012.
  2. Beaie, Sonkarley Tiatun National Population Trends: Size, Growth and Distribution (PDF Download). Bureau of Statistics (19 қыркүйек 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қыркүйек 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 29 тамыз 2012.