Давид Гильберт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гильберт Давид

Гильберт Давид (нем. David Hilbert; 23 қаңтар 186214 ақпан 1943) — неміс математигі. Оның зерттеулері математиканың көптеген салаларының дамуына едәур ықпал етті. Ол бүгінгі функционалдық талдаудың негізі болып табылатын Гильберттік кеңістіктер теориясын қалады.[1]. Оның 1899 жылы басылып шыққан "Геометрияның негіздері" деген кітабында геометрияны аксиомалық тұрғыда құруға арналса, 1934 - 1939 жылдар аралығында неміс математигі Пауль Бернайспен (1888 - 1977) бірігіп жазылған "Математиканың негіздері" атты еңбегінде бүкіл математиканы формалды түрге келтіруге әрекет жасалған. Ол математикалық теорияларды көрнекі түрде баяндаудың шебері болған. Осы тұрғыдан алғанда оның 1932 жылы француз математигі Стефан Кон-Фоссенмен (1902 - 1936) бірлесіп жазған "Көрнекі геометриясын" атауға болады. Оның "Табиғатты танып білу" деген мақаласы "Біздің білуіміз керек - біз білеміз де" деген ұранмен аяқталған. Ол 1900 жылы математиктердің дүниежүзілік конгресінде жасалған "Математикалық мәселелер" деген баяндамасында әріптестерін математиканың көптеген салалары бойынша шешімі табылмаған мәселелерді атап, оларды шешу ісіне атсалысуға шақырған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. [1]Гильберт Давид
  2. Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.