Гуэль саябағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гуэль саябағы

Гуэль саябағы (ис. Parque Güell; кат. Parc Güell) — Барселона қаласының жоғарғы бөлігінде орналасқан, Антонио Гауди 1900-1914 жылдары салған әлемге әйгілі саябақ. Гуэль саябағы (Park Güell) пальма ағашы мен теннис алаңынан тұрады. Саябақ Барселона қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. 1900 жылы Гуэль есімді азамат жекеменшік кент салу мақсатымен 15 гектар жер сатып алады. Жоспар бойынша сатып алынған аумаққа 70 үй салынуы тиіс болады. Алайда жоба соңында салушы қаржысына тек екі ғана үй салу мүмкін болған. Жобаның мұндай қарқынмен белең алуына қала мен ауыл арасының алшақтығы кедергі жасаған.

Кейіннен Гуэльдің мұрагері басқарма орындарына жерді сатып жібереді. Ал оның орнына кейіннен саябақ пайда болады. Салынған екі үйдің бірінде архитектор Гауди өзінің немере қарындасымен бірге тұрған. Ол мұнда өзінің әкесі мен марқұм болған қарындасының қызын қамқорлыққа алған. Бүгіндері үй мұражайға айналған. Ал екінші үйде Эусебио Гуэль өзінің жанұясымен бірге өмір сүрген.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]