Гуманистік психология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт. Гуманистік психологияның мынадай негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады:[1]

  • адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;
  • әрбір адам қайталанбас тұлға;
  • адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;
  • адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;
  • адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;
  • өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;
  • адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.

Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын тірі жан ретінде қарастырады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6