Григорий Михеевич Безродных

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Григорий Михеевич Безродных
Туған күні

1909 (1909)

Туған жері

Урыв, Острогож ауданы, Воронеж губерниясы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

16 қараша 1941 (1941-11-16)

Қайтыс болған жері

Нелидово, Волоколамс ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР

Мемлекет

Ресей империясы
 КСРО

Әскер түрі

пехота

Қызмет еткен жылдары

1941

Атағы

қызыл армияшы

Әскери бөлімі

316-атқыштар дивизиясы

Шайқасы

Ұлы Отан соғысы

Марапаттары
Кеңес Одағының Батыры
Ленин ордені

Григорий Михеевич Безродных (1909, Ресей, Воронеж облысы Увир селосы - 16 қараша 1941, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Нелидово деревнясы) — екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер.

Алматы облысы Алакөл ауданына қоныс аударып, ұжымшарда ұста болып жұмыс істеді.

Кеңес әскері қатарына 1941 ж. шақырылған. 1941 ж. 16 қарашада Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково теміржол айырмасында танкіге қарсы шайқасатын топтың құрамында (саяси жетекші В.Г.Клочков бастаған) жаудың бірнеше шабуылына тойтарыс беруге және 18 танкісін жоюға қатысты. Осы шайқаста Безродных ерлікпен қаза тапты. Волоколам ауданының Нелидово деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген. Бұл ерлік 28 батыр-панфиловшылардың ерлігі деген атпен тарихқа енді.

Естелік пен марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Безродныхқа Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (21.7.1942)[1].

Олардың құрметіне Мәскеу қаласының Северное Тушино ауданындағы бір көше Батыр-панфиловшылар көшесі аталып, онда мемориал орнатылған. 1975 ж. Дубосековода мемориал, Нелидово деревнясында (Дубосеково теміржол айырмасынан 1,5 шақырым жерде) батыр панфиловшыларға ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды. Алматы қаласында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ бар, онда оларға арналып монумент қойылған. Үшарал қаласындағы көшеге, Алакөл ауданындағы Көктұма орта мектебіне Безродных есімі беріліп, мектеп қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 21 июля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 23 июля (№ 28 (187)). — С. 1.
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х