Гортензия де Богарне

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гортензия де Богарне
Hortense Eugénie Cécile de Beauharnais
Гортензия де Богарне

Гортензия де Богарне
Гортензия де Богарне
Лауазымы
Голландия патшайымы
1806 жыл — 1810 жыл
Ізашары Вильгельмина Прусская
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 10 сәуір 1783 (1783-04-10)
Париж, Франция
Қайтыс болуы 5 қазан 1837 (1837-10-05) (54 жас)
Әкесі Александр де Богарне
Анасы Жозефина де Богарне
Жұбайы Людовик Бонапарт
Балалары Наполеон Людовик Карл
Наполеон Людовик
Карл Людовик Наполеон
Карл, герцог де Морни

Гортензия де Богарне (фр. Hortense de Beauharnais, шын аты - Ортанс Эжени Сесиль де Боарне (фр. Hortense Eugénie Cécile de Beauharnais); 10 сәуір 1783, Париж5 қазаң 1837, Тургау, Швейцария) — 1810-1806 жылдары аралығында Голландия патшайымы.

Гортензия Богарне – Жозефина Богарне және оның бірінші күйеуі виконт Александр де Богарнедың қызы. Анасына 1796 жылы үйленген император І Наполеонның өгей қызы. Он екі жасында Гортензияны Кампан ханымының пансионына жібереді. Ақылды және әдемі қыз Наполеонның көңілінен шығып, ол оны және оның ағасын Евгенийді асырап алады.

Екі отбасы арасында қарым-қатынасты нығайту үшін Жозефина (күйеуінің кеңесімен) қызын Людовик Бонапартқа, Наполеонның кіші інісіне тұрмысқа береді. Неке тойы 1701 жылы 4 қаңтарда өтіп, Гортензия анасының жеңгесі болды.

1804 жылы жұбайлар Сан-Ле сарайын сатып алды. Сол жерде олар 1815 жылға дейін тұрды.

Гортензияның күйеуі, Людовик 1806 жылы Голландия патшасы, ал оның әйелі патшайым атанды. Олар 1810 жылға дейін билік етті.

Оның некесі сәтсіз болып шықты: Гортензия Жерер Дюрокқа (кейбірлер олар көңілдес болды деген ойда) ғашық болды, ал Людовик қорқыныш маниясы мен венерологиялық аурумен ауырған.

Кейін әдемі және еліктіргіш әйел Шарль де Фало, Талейранның некесіз баласына ғашық болады. Оларда Шарль Огюст, болашақ де Морни герцогы туылды.

1814 жылы Бурбондарды реставрациялаған кезде Гортензия І Александрдың қорғауында болды. Оның арқасында ол Сен-Ле герцогинясының атағын  патша XVIII Людовиктан алады. Жүз күн ішінде Гортензия өгей әкесін қолдағандықтан оны Наполеонның жеңілісінен кейін Франциядан қуады. Ол Германия мен Италияда саяхаттап, 1817 жылы Швейцарияда тоқталады. Ол сол жерде жалғыз ұлдарын тәрбиеледі. Анасы мен ағасы, Бавария патшасының жездесінің арқасында Гортензияда үш миллион франк болған.

1831 жылдың наурызында итальяндық көтерілістің кезінде Гортензияның ұлы Наполеон Людовик қайтыс болады. Сәуірде ол Парижге аттанады. Сол жерде жаңа Франция патшасының адъютантының көмегімен ол монархпен кездеседі. Ол өзінің Францияға оралуы жайында сөйлескісі келген. Алайда 1831 жылы 5 мамырда императордың өлімінің он жылдығына қатысып, ол Англияға қайтып кетті.  

Гортензия Богарне 54 жасында Швейцарияда 1837 жылы 5 қазаңда қайтыс болады.

Гортензия мен Людовик

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гортензия мен Шарль де Фало

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Шарль Огюст (1811-1865) – де Морни герцогы.