Гидратация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Натрий ионының гидратациясы

Гидратация - судың әр түрлі заттарға қосылуы.[1]

Гидратация сумен әрекеттесу, сулану ([[lang-el| hydor — су}}) — иондардың, зарядты минерал беттерінің электр өрісінде су молекулаларының полярланып, сол беттерге адсорбцияланып тартылуы. Сол сияқты минерал бетіне суланған иондардың адсорбциялану нәтижесінде сулану арта түседі. [2].

Өнеркәсіптік маңызы зор гидратация реакциялардың бірі – алкендердің фосфор қышқылы (күкірт қышқылы т.б.) катализаторы қатысында, 330 С температурада және 6 МПа қысымда су буымен қосылуы. Мысалы, CH2 = CH2 + HОН -> CH3 – CH2 – ОH этеннен этанол алынады. Бұл реакция электрофильді қосылу механизмімен жүреді және реакция нәтижесінде спирт түзіледі. Симметриялы емес алкендердің су буымен реакциясы В. В. Морковников ережесі бойынша жүреді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9
  3. Химия: 10-сыныпқа арналған оқулық (сынама нұсқа). Т.В. Бектемирова, Н.В. Иванова, О.В. Кожахметова және т.б. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2021.