Геостратегия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Геостратегия - геосаясатқа негізделген мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің бағыты. Ол ауқымына қарай (ғаламдық, аймақтық, елдік) және кеңістіктік ортасына қарай (құрлықтық, теңіздік, әуе және ғарыштық) жіктеледі. Геостратегия билік пен қоғамның мемлекеттің әлемдегі алатын орнын, гео- саяси жағдайын, ұлттық мүдделері мен басымдықтарын, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпті географиялық бөліске салуын түсінуімен тығыз байланысты. Мемлекеттік геостратегия, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан қарым-қатынас (достық, бейтарап, жауласқан) негізіне сүйеніп те анықталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3