Георгий Константинович Жуков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Георгий Константинович Жуков
Георгий Константинович Жуков
Лауазымы
Ту
Ту
КСРО Қорғаныс министрі
Ту
Ту
9 ақпан 1955 — 26 қазан 1957
Ізашары Николай Булганин
Ізбасары Родион Малиновский
Ту
Ту
КОКП ОК төралқасының мүшесі
Ту
Ту
29 маусым — 29 қазан 1957
Ту
Ту
ГКӘӘ бас қолбасшысы
Ту
Ту
6 шілде 1945 — наурыз 1946
Ізашары лауазым құрылды
Ізбасары Василий Соколовский
Ту
Ту
КСРО Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары - КСРО Қорғаныс халық комиссарының бірінші орынбасары
Ту
Ту
2 тамыз 1942 — 24 маусым 1945
Ту
Ту
Қызыл Әскер Бас штабының басшысы — КСРО Қорғаныс халық комиссарының орынбасары
Ту
Ту
15 қаңтар — 30 шілде 1941
Ізашары Кирилл Мерецков
Ізбасары Борис Шапошников
Өмірбаяны
Партиясы КОКП
Білімі М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия
Дүниеге келуі 1 желтоқсан 1896 (1896-12-01)
Стрелковка, Малоярославецк уезі, Калуга губерниясы
Қайтыс болуы 18 маусым 1974 (1974-06-18) (77 жас)
Мәскеу, РКФСР, КСРО
Әкесі Жуков Константин Артемьевич (1844—1921)
Анасы Жукова Устинья Артемьевна (1860—1944)
Жұбайы 1. Александра Диевна Жукова
2. Галина Александровна Жукова
Балалары Маргарита (1929—2010), Эра (1928), Элла (1937—2009), Мария (1957)
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары Ресей 1915—1917
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 1918—1958
Құрамында болды Ресей Императорлық орыс әскері
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ЖШҚӘ
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Кеңес әскері
Әскер түрі атты әскер мен құрлық әскері
Атағы кіші унтер-офицер
Кеңес Одағы маршалы
Шайқасы Бірінші дүниежүзілік соғыс
Ресейдегі азамат соғысы
Халхын-Голдағы шайқас
1940 жылғы Бессарабия әскери әрекеті
Ұлы Отан соғысы
1956 жылғы Мажар көтерілісі
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Георгий Константинович Жуков Ортаққорда

Георгий Константинович Жуков — Кеңес Одағы маршалы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолбасшы, төрт мәрте Кеңес Одағының Батыры.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жас кезінде. Мәскеу, 1915

1896 жылы Калуга облысында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Он бір жастан терімен айналысатын шеберінің қолында болып, жұмыс істеген. Шіркеу мектебін және қалалық училищені бітірген.

1915 жылы Жуков әскерге алынған. Бірінші дүниежүзілік соғысында қатысқан. Атты әскер — кавалерист болып, унтер-офицер шенініе дейін әскер қатарында қызмет еткен. Соғыс аяқталған соң, Жуков әскерде қалып, қызмет етті.

Г.К.Жуков. 39-шы Бузулук кавалериялық полктың 7-ші Самара кавалериялық дивизияның командирі.
Жуков 1941 жылдың қазанында. Фото «Красная звезда» деген газеттен алынған.
Унтер-офицер Георгий Жуков, 1916 жыл

Атты әскер бөлімінде кіші унтер-офицер шенінде 1-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ресей империясының 2-дәрежелі Георгиев кресімен марапатталған. 1918 жылы тамыз айында Қызыл Армия қатарына қосылып, Азамат соғысына қатысты, алдымен қатардағы жауынгер, кейін взвод және эскадрон командирі қызметінде болды. 1920, 1925 және 1930 жылы жоғары командирлер даярлайтын курстарда оқыды, әрі атты әскерде эскадрон, полк, бригада, дивизия, корпус командирі қызметтерін атқарды.

Георгия Жуковтың автографы

1939 жылы Халхин-Гол өзеніндегі жапондықтарға әскери операциясын басқарған. Сол кезден бастап, ол жұрт арасында әйгілі болып кетті.

1939 жылы тамыз айында Халхин-Гол өзені бойында Жуков Кеңес-моңғол біріккен әскер тобына басшылық жасай отырып, Жапонияның 6-армиясын қоршауға алып талқандады. Осы шайқастан кейін Жапония үкіметі КСРО мен Моңғолияға шабуыл жасаудан бас тартуға мәжбүр болды. Жуковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1940 жылы ол армия генералы шенінде Киев ерекше әскери округінің қолбасшысы, ал 1941 жылы қаңтар айының соңында Бас штаб бастығы және КСРО қорғаныс халкомының 1-орынбасары қызметтерін атқарды. Ұлы Отан соғысы басталысымен Жуков Жоғары Бас қолбасшының жанындағы Ставканың мүшесі ретінде Оңтүстік-батыс майданға жіберіліп, Киев қаласын қорғауды ұйымдастырды. Бірақ Киевті жау қолына тастап, Оңтүстік-батыс майдан жауынгерлерін қоршаудан алып шығуды ұсынғаны үшін кері шақырылып, Бас штаб бастығы қызметінен түсірілді де, Резервтік әскерлер қолбасшылығына бекітілді. 1941 жылы тамыз – қыркүйек айларында Ленинград майданы әскерлері аса қиын жағдайда қалып, 10 қыркүйекте Жуков осы майдан әскерлері қолбасшылығына тағайындалды. Ол Балтық флотымен бірлесе отырып, қала қорғанысын нығайтуға көп күш-жігер жұмсады. 1941 жылы қазан айында жау әскерлері Батыс майдан әскерлері мен Резервтік әскерлердің негізгі күштерін қоршауға алып, Мәскеуге тікелей қауіп төндірді. Жуков 8 қазан күні Резервтік әскерлердің, 11 қазан күні Батыс майдан әскерлерінің қолбасшылығына бекітілді (қ. Мәскеу түбіндегі шайқас). Мәскеу түбіндегі шайқаста Жуковтың қолбасшылық дарыны жан-жақты ашылды. 1942 жылы 26 тамызда Жуков Жоғары Бас қолбасшының 1-орынбасары болып тағайындалып, Ставканың өкілі ретінде Сталинград шайқасына, Ленинград қорғанысы мен Курск шайқасына басшылық жасады. Ол 1944 жылы наурыз – мамыр айларында 1-Украин майданы әскерлерін, ал 1944 жылдың қарашасынан соғыстың ақырына дейін 1-Беларусь майданы әскерлерін басқарып, Украинаны азат етуге, Висла-Одер және Берлин операцияларына басшылық жасады.

Ал Ұлы Отан соғысынан кейін, оның аты дүниежүзілік тарихында қалды. Ұлы Отан соғысы басталғанда, Жуков генерал еді. Соғыс кезінде, ол өзіні сенімді қолбасшы, әскери стратег, ержүрек адам ретінде көрсетті. Жуков Бас штабының басшысы, Жоғары қолбасшысы (Сталинның) орынбасары еді. Жуков басқарған Мәскеу маңындағы шайқасы, Ленинград блокадасының жоққа шығарылуы, Курск шайқасы, Днепр арқылы өтуі, Беларусьта, Берлин маңында болған қақтығыстар Кеңес Одағына үшін сәтті өтті. 1944 жылы Жуков 1-ші Беларус майданының қолбасшысы болып тағайындалды. Берлин алуының ізеті оған берілген. Оң жағынан Жуков басқарған майданын Константин Константинович Рокоссовский басқарған 2-ші Беларус майданы қорғаған.

Жуков пен Рокоссовский
Жуков Германияның капитуляциясы туралы актіге қол қоюда, 1945

1945 жылының мамыр айының 8-ші жұлдызында Жуков фашист Германияның шартсыз капитулияциясы актына Кеңес одағы жағынан қол қойды. 1945 жылының маусым айының 24-ші жұлдызында Мәскеу қаласының Қызыл алаңында Жеңіс шеруін қабылданған.

1945 жылғы 24 маусымдағы Мәскеуде өткен Жеңіс Парадында

Жуков 1945 жылы маусым – 1946 жылы наурыз аралығында Германиядағы кеңестік әскери әкімшілік басшысы, әрі сондағы кеңестік әскерлердің бас қолбасшысы қызметінде болды. 1946 жылы маусым – шілде аралығында құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысы және КСРО Қарулы күштері министрінің орынбасары қызметін атқарды. 1946 жылы шілде айында жазықсыз айыпталып, орнынан алынды да, алдымен Одесса, кейіннен Орал әскери округтерін басқаруға жіберілді. 1953 жылы наурыз айынан КСРО қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1955 жылдың ақпанынан КСРО қорғаныс министрі болды. 1957 жылы әскер қатарынан босап, құрметті демалысқа шықты.

Конев, Рокоссовский және Жуков. 10 қазан, 1955 жыл.

Берияны үкіметтен шығарып, қамытып, Хрущевқа билікке келуіне көмектескен. 1955 - 1957 жылдары КСРО-ның қорғаныс министрі болған.

Қорғаныс Министрі болған шақ. 1957 жыл. Бұл сурет қызметтен шеттетілместен бұрын түсірілген.

Жеңіс маршалы Жуков 1956 жылындағы Мысырдағы Суэц кризисінде де өзіні дарынды қолбасшы ретінде көрсетті. Хрущевтың билігі күшейткен соң, ол Жуковты басқа да партияның белді дейтін қайраткерлерімен бірге (Молотов, Каганович, Шепилов, Булганин) оны зейнеткер қылып, демалысқа жіберді.

Маршал Жуковтың "Естеліктер мен ой–толғаулар" ("Воспоминания и размышления") кітабы (алғашқы супермұқабалы басылым). 1969 жыл, Мәскеу, АПН (Агентство печати Новости) баспасы.

Сол кезде Жуков «Воспоминания и размышления» деген кітапты жазған. Қазақ тіліне бұл кітап әлі де аударылмаған.

Соңғы суреті
Георгий Жуков күлі салынған қабырғадағы қабір. Кремль қабырғасы, Мәскеу

1974 жылы 18 маусымда қайтыс болып, Мәскеудегі Кремль қабырғасына жерленді. КСРО-ның 6 рет Ленин, Қазан революциясы, 3 рет Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Суворов, 2 рет “Жеңіс” ордендерімен және 18 шет ел ордендерімен, сондай-ақ, көптеген медальдермен марапатталған.

Жуков ордені (Ресей Федерациясы)

1994 жылы Жуковтың даңқына Ресейде Жуков ордені пайда болды.

Шығармалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығармалар: Воспоминание и размышления М., 1969.[1]

Маршал Жуков туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Карпов В., Маршал Жуков, М., 1989; Павленко Н.Г., Размышление о судьбе полководца, М., 1989. П. Белан


Ізашары:
Николай Булганин
КСРО қорғаныс министрі
1955–1957
Ізбасары:
Родион Малиновский


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Georgy Zhukov