Гвинея шығанағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гвинея шығанағы
ағылш. Gulf of Guinea, фр. golfe de Guinée, ис. Golfo de Guinea, порт. Golfo da Guiné
Гвинея шығанағы картасы
Гвинея шығанағы картасы
Сипаттамасы
Түрішығанақ
Ауданы1 533 000 км²
Судың орташа көтерілуі2,7 м
Тереңдігі6363 м
Тұздылығы34—35
Орналасуы
2°23′43″ с. е. 6°24′24″ ш. б. / 2.3953° с. е. 6.4067° ш. б. / 2.3953; 6.4067 (G) (O) (Я)Координаттар: 2°23′43″ с. е. 6°24′24″ ш. б. / 2.3953° с. е. 6.4067° ш. б. / 2.3953; 6.4067 (G) (O) (Я) (T)
Өзінен жоғары акваторияАтлант мұхиты
Елдер Либерия
 Кот-д’Ивуар
 Гана
 Того
 Бенин
 Нигерия
 Камерун
 Экваторлық Гвинея
 Габон
 Сан-Томе және Принсипи
Гвинея шығанағы (Африка)
Гвинея шығанағы
Гвинея шығанағы Ортаққорда

Гвинея шығанағыАтлант мұхитының Экуаторлық Африка жағалауында орналасқан ірі шығанақ.

Ауданы 753 мың км2. Жағалаулары ойпаңды, ол біртіндеп тереңдеп 200 метрге дейінгі жіңішке құрлықтық қайраңға алмасады. Шығанақтың басым бөлігін орташа тереңдігі 4000 метр, ең терең жері 5207 метр болатын Гвинея қазаншұңқыры алып жатыр. Солтүстік-шығысында Биафра және Бенин шығанақтарына бөлінеді. Шығысында бірнеше жанартаулық аралдар (Биоко, Принсипи, Сан-Томе және т.б.) орналасқан. Суының тұздылығы 34 — 35‰, беткі температурасы 24 — 28С. Гвинея жылы ағысы әсерінен кейде температура 28С-қа дейін көтеріледі. Гаусс шығанағына кең атырау жасап Африканың ірі Нигер және Вольта өзендері құяды. Басты порттары — Аккра, Ломе, Лагос, Либревиль.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]