Гай Юлий Цезарь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гай Юлий Цезарь
лат. Gaius Iulius Caesar
Гай Юлий Цезарь
Бюст Цезаря из Неаполь ұлттық археологиялық мұражайындағы ескерткіш, б.з.б. II ғ-дың басы[1]
Лауазымы
Ұлы понтифик
б.з.б. 63 — б.з.б. 44
Бірігіп басқарушы Марк Антоний
Ізашары Квинт Цецилий Метелл Пий
Ізбасары Марк Эмилий Лепид
Консул
Ізашары Квинт Цецилий Метелл Целер және Луций Афраний
Ізбасары Луций Кальпурний Пизон Цезонин және Авл Габиний
Диктатор
Ізашары Луций Корнелий Сулла
Ізбасары Гай Юлий Цезарь
Консул
Ізашары Гай Клавдий Марцелл және Луций Корнелий Лентул Крус
Ізбасары Квинт Фуфий Кален және Публий Ватиний
Диктатор
Консул
б.з.б. 1 қаңтар 45 — б.з.б. 1 қазан 45
Ізашары Гай Юлий Цезарь және Марк Эмилий Лепид
Ізбасары Консул-суффекты 1 қазаннан— Квинт Фабий Максим, Гай Требоний және Гай Каниний Ребил
Рим республикасының консулы
б.з.б. 1 қаңтар 44 — б.з.б. 15 наурыз 44
Ізбасары Публий Корнелий Долабелла
Өмірбаяны
Дүниеге келуі Б. з. д. 12.7.100
Рим
Қайтыс болуы Б. з. д. 15.3.44
Рим
Династия Юлии, Юлии-Клавдии
Әкесі Гай Юлий Цезарь Үлкені
Анасы Аврелия Котта
Жұбайы 1) Корнелия (б.з.б. 84-69 жж.
2) Помпея б.з.б. 67-62 жж.
3) Кальпурния б.з.б. 59-44 жж.
Балалары қызы: Юлия (Корнелиядан)
ұл (анық емес): Птолемей Цезарион (Клеопатрадан)

Гай Юлий Цезарь( лат. Gaius Iulius Caesar ; б.з.б. 102/100, Рим — 15.3.44, сонда) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, қолбасшы, жазушы. Цезарь — патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Билеуші Сулланың тұсында Римді тастап, Кіші Азияға кетуге мәжбүр болды. Сулла қайтыс болғаннан кейін (б.з.б. 78 ж.) Римге қайта оралып, саяси күреске араласты.

Жаулап алулар және политика

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Б.з.б. 73 ж. әскери трибун болып сайланып, халық трибундарының құқықтарын қалпына келтіру, Сулла диктатурасы кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған марийшілерді ақтау жолындағы күреске белсене қатысты. Б.з.б. 68 ж. квестор, 65 ж. эдил болып сайланды. Цезарь көп шығынды қажет ететін ойын-сауықтар, театр қойылымдары, гладиаторлық шайқастар, қоғамдық түстік астар ұйымдастыру арқылы Рим азаматтарының арасында үлкен беделге ие болды.
  • Б.з.б. 62 ж. претор, одан кейінгі екі жыл бойы Қиыр Испания провинциясының наместнигі болған кезінде мүлтіксіз әкімш. және әскери талантын танытты. Өзінің саяси жағдайын нығайту және консул сайлауында жеңіп шығуды қамтамасыз ету үшін неғұрлым ықпалды саяси қайраткерлер Г.Помпей және М.Красспен одақ жасасты. Бұл одақ 1-триумвират деп аталды.
  • Б.з.б. 59 ж. консул болып сайланған ол бірқа-тар әлеум. мәселелерді шешу және мемл. құрылысты нығайту үшін кейбір заңдар қабылдады (соғыс ардагерлері мен үштен көп балалары бар отбасыларға — барлығы 20 мыңдай азаматқа Кампаниядан жер телімдері берілді; мемл. меншікті иеленушілердің мүддесі үшін салықтардың мөлшері үштен бірге азайтылды, т.б.). Консулдық қызметтің мерзімі біткеннен кейін легион жинап, Цизальпин, соңынан Нарбонн Галлиясы провинциясын басқарды.
  • Б.з.б. 58 — 51 ж. галл жорықтарының барысында Белгикадан Аквитанияға дейінгі аралықтағы Альпінің арғы жағындағы Галлия түгелге дерлік жаулап алынды. Цезарь әскерінің саны 10 легионға дейін жетті. Соғыста жүргеніне қарамастан Ц. Римдегі саяси күреске шебер араласа білді. *Б.з.б. 53 ж. Красс қайтыс болып, триумвират ыдырады да жеке-дара билікке ұмтылған Ц. мен Помпей арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп кетті. Екі жақтың тартысы бірте-бірте дәстүрлі сенаттық респ. басқаруды жақтаушылар мен монархиялық тәртіпті аңсаушылар арасындағы саяси күреске ұласты. Помпей сенаттық республиканы жақтаушыларды, Цезарь олардың қарсыластарын басқарды. Помпей мен оның жақтастарын Илерда (б.з.б. 49 ж.), Фарсал (48), Тапс (46) және Мунда (45) түбінде талқандаған Цезарь Рим мемлекетінің басшысына айналды.
  • Б.з.б. 44 ж. ол өмір бойғы цензура алды және оның бүкіл жарлықтарын сенат пен халық жиналысы алдын ала мақұлдап отырды. Өз қолына бүкіл билікті жинақтаған Цезарь іс жүзінде басқарудың римдік респ. формаларын сақтаған монархқа айналды. Цезарьдың құрметіне қойылған ескерткішке “Жартылай құдай” деп жазылды, ол әскери жеңістерге жеткен күндері қоғамдық мереке күндер болып жарияланды. Цезарьдың жеке дара билікті күшейтуге ұмтылуы респ. пиғылдағы ақсүйектер өкілдерінің ғана емес, оның бұрынғы жақтастарының да күшті наразылығына ұшырады. Нәтижесінде Г.Кассий мен М.Ю. Брутт бастаған 80-нен аса адам қатысқан қастандық ұйымдастырылып, сенат мәжілісі кезінде өлтірілді.
Гай Юлий Цезарьдің отбасылық ағаш

Цезарь — жазушылықпен де айналысты. Оның екі шығармасы — “Галл соғысы жөніндегі жазбалар” мен “Азамат соғысы жөніндегі жазбалары” біздің заманға дейін келіп жетті. Бұл шығармаларға ойластырылған айқын композиция, қарапайым, түсінікті баяндау, кейіпкерлердің нақтылығы, жекелеген адамдар мен халықтарды (әсіресе, галлдарды) тәптіштеп сипаттау, көркем тіл тән. Цезарьдың біздің заманға дейін сақталмаған сөздері мен хаттарының жинақтары, екі памфлеті, бірнеше өлеңмен жазылған еңбектері, грамматика жөніндегі трактаты белгілі. 19 ғ-ға дейін Еуропаның әскерилері Ц-дың әскери өнерін оқып-үйренді. Наполеон Цезарьдің еңбектерін әрбір офицер білуге тиіс деп есептеді. Цезарь стратегиясына негізгі соққы бағытын дұрыс анықтай білу, қарсыластардың арасындағы алауыздықты пайдаланып, оларды жеке-жеке талқандау, батыл стратег. айла-әрекеттерді жүзеге асыру, жаяу әскер мен флоттың бірлескен қимылын ұйымдастыра білу тән болды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Zanker P. The Irritating Statues and Contradictory Portraits of Julius Caesar
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том