Гаитидегі жер сілкінісі (2010)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
2010 Гаити жер сілкінісі
Күні мен
уақыты
2010 Қаңтардың 12
Магнитудасы 7.0
Тереңдігі 13 km (8.1 miles)
Эпицентрі 18°27′25″ с. е. 72°31′59″ б. б. / 18.457° с. е. 72.533° б. б. / 18.457; -72.533 (G) (O) (Я)
Зардап шеккен елдер Гаити
Цунами Yes (localized)[1]
Зардап шеккендер 150,000 дәлелденген қайтыс болғандар [2]

200,000 болжау бойынша қайтыс болғандар
400,000-нан астам үйсіз қалғандар[3]

2010 жылдың 12 қаңтарында, жергілікті уақыт бойынша сағат 16.53 -те Гаити елінде жер сілкініс болды. Гаити Үкіметі 7 балл мөлшерде болған зілзаладан 100000-нан 200000-ға жуық адам қаза тапқан десе, Халықаралық қызыл крест ұйымы зілзаладан 3 млн адам зардап шеккен дейді. Үш рет тіркелген дүмпудің алғашқысы – 7, соңғы екеуі 5,5 баллды құрады.

Алғашқы дүмпудің эпицентрі ел астанасы Порт-о-Принс қаласынан 16 шақырым жерде болды. 2000 жылдардағы ең үлкен зілзала апатында Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты, Елбасшысының сарайы, ауруханалар, қонақ үйлер және жұмыс орындарын қамтыған мыңдаған ғимараттар қиратылды.

Гаити елінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес осы елдің жолдары көптеген қаза тапқан және жарақат алған адамдармен толы, және кейбір азаматтар қиратылған ғимараттар қалдықтардың астында қалған адамдарды өз бетімен құтқаруға талпынуда.

Құлаған Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратында қызмет атқаратған 52 түрік полициясының жағдайлары жақсы екені хабарланды. Жалпы БҰҰ 36 қызметкері мерт болған.

Гаитидің Хеди Аннабиде орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің құлаған ғимаратының астында 250 адам қалған.

10 миллион тұрғыны бар елдің Президенті Рене Преваль және оның жұбайы Елбасшысы сарайының құлауына қарамастан аман қалған.

7 балл зілзала Доминикан Республикасы мен Кубада да сезілді.

Түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named tsunamiCNN
  2. http://www.google.com/hostednews/canadianpress/article/ALeqM5gJGnsQlohW0HXsQ_PYZ71pVa3a1g
  3. http://www.novinite.com/view_news.php?id=112240