Владимир Михайлович Колоденко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Владимир Михайлович Колоденко
В.Колоденко. "Князь Игорь" операсына жасаған эскизі

Владимир Михайлович Колоденко (26.6.1907, Украина, Одесса – 9.8.1980, Алматы) – театр суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1938).

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

20 ғ-дың 20-жылдары Одесса, Свердловск, Томск, Куйбышев қалаларында театр суретшісі, 1932 – 36 ж. Бакудегі Әзірбайжан опера және балет театрының бас суретшісі, 1937 ж. Санкт-Петербург опера және балет театрындағы көркемсурет шеберханасының меңгерушісі болды.

1938 жылдан Қазақ опера және балет театрының (Алматы) бас суретшісі болып, С.С. Гулак-Артемовскийдің “Дунайдың ар жағындағы запорождық” (1941), А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1947), Н.Г. Жигановтың “Алтыншаш” (1949), У.А. Гаджибековтің “Аршин мал алан” мен Р.М. Глиэрдің “Қызыл гүл” (1950), П.И. Чайковскийдің “Ұйқыдағы ару” (1954), Қ.Қожамияров пен Н.Тілендиевтің “Алтын таулар” (1960), т.б. балет пен опералық спектакльдерін көркемдеді.

Декорация мен сахналық жобалау шешімінің ұтымдылығы, айқындығы – оның безендірушілік еңбегіне тән сипаттар болды. Кейін қондырғылы кескіндеме саласында да (“Одесса театры”, “Одессадағы порт”, 1973; “Артек”, “Автобус аялдамасы” 1975; “Аэропорт”, “Алатау”, “Алматы – 77”, 1976 – 77) еңбек етті.

Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдермен марапатталған. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8