Владимир Артемович Савва

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Владимир Артемович Савва (22.11.1923, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Мироновка селосы - 17.10.1948, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, капитан, батальон командирі, украин.

Кеңес әскері қатарына Жамбыл облысы Мерке ауданы әскери комиссариаты арқылы 1940 жылы шақырылды. Ол 240-атқыштар дивизиясының 842-полкі батальонын ұрысқа бастап кірді. 1943 жылдың күзінде Кеңес әскері Днепр өзеніне шықты. Сол жылдың 27 қыркүйегінде Днепр өзенінен етуге бұйрық алып, оны іске асырудың жоспарын жасады. Қолда бар құралдар мен балықшы қайықтарын пайдаланын, өзеннен өте бастады. Жау оқ боратып қоя берді, бірақ батальон жауынгерлері бұйрықты орындады. Батальонның шабуылды шебер ұйымдастыра білуінің нәтижесінде маңызды шеп басып алынды да, бүкіл полктің Днепрден өтуіне жағдай жасалды. Днепрден өтіп, арғы жағалауға бекініп, жаудың шабуылына тойтарыс бергені, полктің өзеннен өтуіне жағдай жасағаны үшін Савваға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.10.1943).

Соғыстан кейін көп ұзамай Савва қаза тапты. Савва Мәскеудегі Ново-Девичье бейітінде жерленді. Мерке ауданындағы Савва оқыған орта мектеп батырдың есімімен аталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х