Вирунга

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Вирунга саябағы
«Микенодан ескі адам», тау горилласының қола бюсті, Карл Экли жасаған
Ньирагонго вулканы

Вирунга ұлттық паркі - Конгоның солтүстік-шығысындағы Киву ауданында орналасқан. Ол өзінің жануарлар дүниесімен даңқты: тау гориллаларының колониялары ерекше қызығушылық туғызады. Бұл аумақта басқа сүтқоректілерден: жабайы иттер, шимпанзе, арыстандар, киіктер кең тараған. Бұл өлкеде әрекеттегі және сөнген жанартаулар, лавалық үстірттер, ыстық қайнарлар, мұздықтар бар. Өсімдіктер дүниесі әдеттен тыс сан алуан сөнген жанартаулар беткейлеріндегі бамбук ормандарынан бастап, орманды саванналар мен тропиктік джунглилерге дейін кездеседі.

Саябақтың негізі 1925 жылы қаланған, ол 8090 км жерді алып жатыр. Жанартаулардың ұлттық саябағымен және Угандалық Рувензори ұлттық саябағымен шектеседі.[1]

  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5