Вилис Тенисович Лацис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
КСРО пошталы конвертіндегі Вилис Лацистің бейнесі

Вилис Тенисович Лацис (1904 жыл 12 мамыр, Рига - 1966 жыл 6 ақпан, Рига) - латыш жазушысы, қоғам қайраткері. Латвия КСР-інің халық жазушысы (1947).

1917-1918 жылдары Барнаул мұғалімдер семинариясында оқыды. Әдеби еңбегі 1921 жылдан жариялана бастады.

  • «Қанатсыз құстар» (1931-1933) трилогиясын,
  • «Балықшының баласы» (1933-1934),
  • «Теңізшінің ескі ұясы» (1937),
  • «Жер мен теңіз» (1938) романдарын жазды.

Ол Латвияда Кеңес үкіметі орнатылған (1940) кезеңнен бастап қоғамдық өмірге белсене араласты, шығармашылық зор шабытпен жаңа әдеби шығармалар туғызды. Ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің айтулы шығармаларының бірі болып саналатын

  • «Дауыл» роман-эпопеясын (1945-1948) жазды. Бұдан кейін жарық көрген
  • «Жаңа жағалауға» романында (1950-1951) латыш халқының социализм орнату жолындағы қажырлы күресін шыншылдықпен көрсетті.
  • «Теңіз жағалауындағы ауыл» (1954),
  • «Нөсерден кейін» (1962) романдарында да өмір шындығын жарқын бейнелеген.

1940-1959 жылдар аралығында Латвия КСР Министрлігі Кеңесінің төрағасы. 19, 20 және 22-партия съездерінде КОКП ОК-нің мүшелігіне кандидат болып сайланды. 2-5 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • 7 рет Ленин орденімен және
  • 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том