Бұқантау
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Бұқантау— Қызылқұмның солтүстігіндегі аласа таулы бұйрат, Өзбекстандағы Бұхар облысының солтүстігінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 130 — 150 км-ге созылған. Ең биік жері — Ирлир тауы (абсосютті биіктігі 764 м). Жер қыртысы кристалдық тақтатастан, әктастан, жанартаулық тау жыныстарынан түзілген. Климаты қоңыржай континенттік. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –5 — 7ӘС, шілдеде 29 — 31ӘС. Жауын-шашын жылдық орташа мөлшері 150 — 200 мм. Бұқантау беткейлерінде бұлақтар бар, олар егін мен мал суаруға пайдаланылады. Бұқантаудың оңтүстік етегінде Үшқұдық қаласы орналасқан.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |