Бұжы
Бұжы — ұлттық тағам. Жаңа сойылған қойдың не ешкінің етін, іш майын, бауырын майдалап турап, оған аздап ұн себелеп, пияз, бұрыш, тұз қосып, әбден араластырғаннан кейін, бүйенге не қарынға салады. Бүйеннің ашық ұшы жіңішке істіктермен түйреліп байланады да, суық су құйылған ыдысқа салынады. 1,5 — 2 сағат баяу қайнатып, бүйен жарылмау үшін әр жерінен тескілеп, ауасын шығарып, аударыстырып отырады. Кей жерлерде бұл тағамды бұжбан деп те атайды. Дастарқанға суық күйінде қойылады. Бұжыны бұрын қадірлі қонақ келгенде, ұзақ жолға шыққанда, жауға аттанғанда пісіретін болған. Жолға алып шығу үшін тұзын басымдау салып, кептіргеннен кейін ғана пісірген.
Бұжы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ет, жүрек, бауыр,май - барлығын турап, дәмдеуіштерін, пияз, бұрышын араластырып,тұзының дәмін келтіріп, қарынға салады да, аздап су құяды. Содан соң қазандағы суға салып қайнатады. "Асылды " деп айтқаны болмаса, қарынның ішінде демі шықпай піскен соң, өз нәрі өзінде, ерекше дәмді болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сегізбайұлы Кәдірбек С30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |