Бірлік (математика)
Бірлік — 1) натурал сандардың ішіндегі ең кішісі, n=1. Кез келген санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады; 2) зерттеуге алынған заттардың не элементтердің жиынында, көбінесе, анықталған қандайда бір бинарлық (екі бөліктен тұратын) амал (мысалы, сандарды қосу немесе көбейту) кездеседі. Оны деп белгілейік. Егер кез келген а элементі үшін аеa, eaa теңдігі орындалса, онда осы амалға қатысты жиынның е элементі бірлік деп аталады. Бұл екі теңдік бір-біріне тәуелсіз, яғни abba. Егер жиында бірнеше амал (мысалы, қосу және көбейту) анықталған болса, Бірлік осы амалдардың біреуіне қатысты айтылады (әдетте көбейтуге қатысты Бірлік бір деп, ал қосуға қатысты бірлік нөл деп аталады). 3) Алгебралық сандар мен алгебралық функциялар теориясында Бірлік бірлік бөлгіші деп аталады, яғни а элементі үшін ab1 теңдігі орындалатындай басқа b элементін табуға болады.[1]
Пайдаланылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|