Буынаралық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Буынаралық

Буынаралық (лат. internodium) — өсімдік сабағының бір буыны мен екінші буынының арасы. Бүршікте буындары бір-бірімен өте жақын орналасқандықтан буынаралық дамымайды. Қыстырма меристеманың (түзуші ұлпаның бір бөлімі) қарқынды бөлінуінен буынаралық ұзарып өседі. Егер буынаралық ұзын болса - ұзарған өркен, қысқа болса - қысқарған өркен дамиды. Сүректі өсімдіктердің бір жылдық өркендері (серігүл, көктерек, алмұрт, терек) ұзарған өркендерге жатады. Қысқарған өркендердің буындары бір-біріне жақын орналасады. Бақажапырақ, бақбақтың қысқарған сабақтарының буынаралықтары өте қысқа. Буынаралығы болмайтын өсімдіктер де бар. Буынаралық арқылы əсіресе астық тұқымдасына жататын сабан сабақты өсімдіктердің барлығы ұзарып өседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.