Бундесрат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бундесрат
Bundesrat
Берлинде Лейпцигтiң көшесiнде бундесраттың ғимараты

Бундесрат - [неміс. Bundesrat - федералды кеңес] - ГФР-дың мемлекеттік билігінің ең жоғарғы органдарының бірі, жерлер палатасы, ол 68 жергілікті өкілдерден тұрады, Бундесрат парламент палатасы болып табылмайды. ГФР Конституциясының 50-53 тармақтары негізінде Бундесрат федерацияның жер арқылы заң шығарушы және басқарушылық қызметеріне қатыса алатын мүшені үсынады. Бундесратта әрбір жер минимальды түрде 3 дауыспен шектелген, жер мен оның 2 млн. түрғыны 4 дауысқа ие бола алады, ал 6 млн-ы -5,1 млн. Жоғары - 7 дауысқа ие бола алады. Әрбір жер өкілдері ортақ дауыс беруге міндетті. Көптеген шешімдер қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады (мәселен, Конституцияға өзгертулер енгізу, импичмент). Бундесрат президенті 1 жылға сайланады. Бундесрат вето қүқына ие және заңдар шығаруға қатыса алады. Бундесрат депутатары 4 жылға жалпы сайлауда бүкіл халықтың қатысуымен сайланады. Бүл органды біздің еліміздегі Сенатпен салыстыруға болады.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3