Бу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бу — заттың газ фазасы өзінің сұйық (қатты) фазасымен тепе-теңдікте болатын газ тәрізді күйі. Бу мен газ ұғымы, көп жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана ажыратылады. Термодинамика тұрғысынан “Бу” және “газ” терминдері бір-біріне пара-пар.

Химиялық таза заттар Буының мынадай түрлері бар: қаныққан бу (қанығу температурасы мен қанығу қысымы кезіндегі Бу, басқаша айтқанда, заттың Буы өзінің сұйық немесе қатты күйімен жылжымалы тепе-теңдікте болатын күйі және оның қасиеттері тек температурамен ғана анықталады); қанықпаған (қызған) бу (берілген қысымда температурасы қанығу температурасынан жоғары болатын Бу, яғни тығыздығы қаныққан Будан кем болатын Бу); аса қаныққан бу (берілген темп-радағы қысымы қанығу қысымынан үлкен болатын Бу).

Аса қызған бу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Берілген қысымда темп- расы қанығу температурасынан жоғары болатын бу.

Атомдық бу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгінің құрамына кіретін заттарды атомдарға ыдырайтындай дәрежеде қыздырған кездегі күйі.

Қаныққан бу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Cұйықтықпен немесе сондай химиялық құрамды қатты денемен термодинамикалық тепе-теңдікте болатын бу.

Қыздырғыш бу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ыстық жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын су буы.

Қыздырылатын сұйықтыққа тікелей жіберілетін қыздырғыш бу.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том