Бруклин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нью-Йорк районы
Бруклин
Kings County
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 АҚШ

Штат

Нью-Йорк

Қала

Нью-Йорк

Нью-Йорк аудандық президенті|Президенті

Марти Марковиц

Тарихы мен географиясы
Координаттары

40°41′34″ с. е. 73°59′25″ б. б. / 40.69278° с. е. 73.99028° б. б. / 40.69278; -73.99028 (G) (O) (Я)Координаттар: 40°41′34″ с. е. 73°59′25″ б. б. / 40.69278° с. е. 73.99028° б. б. / 40.69278; -73.99028 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

251 км²

Уақыт белдеуі

UTC-5, жазда UTC-4

Тұрғындары
Тұрғыны

2 567 098 адам (2009)

Тығыздығы

14 037,1 адам/км²

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

112xx

Басқалары
картада

brooklyn-usa.org  (ағыл.)

Бруклин картада
Бруклин
Бруклин

Бруклин (ағылш. Brooklyn) — Нью-Йорк қаласының ең тығыз қонысталған ауданы. Тұрғындар саны 2,5 млн (2009ж). Лонг-Айленд аралының батыс бөлігінде орналасқан. Бруклин атауы Нидерландтағы Брёкелен қаласының құрметіне берілген.

Бруклин қаласы алғашында Лонг-Айленд аралының Ист-Ривер жағалауында орналасқан Брёкелен атты голландық ауыл болған.

Лонг-Айлендтың батыс жиегіне канарси тайпасының америкалық үндістері қоныс аударды, себебі олардың жерлерін Жаңа Зеландия басып алды. Голландық Вест-Инд компаниясы осы аумақта алты қаланың негізін қалады. Олардың ағылшынша атаулары мынадай болды:

  • Gravesend (1645);
  • Brooklyn / «Breuckelen» (1646);
  • Flatlands / «New Amersfoort» (1647);
  • Flatbush / «Midwout» (1652);
  • New Utrecht (1657) Утрехт қаласының құрметіне аталды;
  • Bushwick / «Boswijck» (1661).

1664 жылы ағылшындар Жаңа Нидерландны жаулап алып, Бруклиннің барлық қоныстары Нью-Йорк отарының бір бөлшегі болып қалды. Олар біртіндеп кеңейе бастап, 1854 жылы Бруклин қала деген атқа ие болды. Бруклин Нью-Йорк қаласының бөлігі болғанымен, ол өзі жеке тұрған қала сияқты көрінеді.

«... „Үлкен Нью-Йорктың“ құрылуна дейін, 1898 Бруклин АҚШ-тың халық саны бойынша Нью-Йорк округінен кейін (Манхэттон) екінші ірі қаласы болды.[1] Бұрынғы муниципалитеттің кішкентай емес (және бостың қасы) ғимараты түкке тұрмайды. Бруклин мұражайын сала бастағанда, ол Луврдан да үлкен болады деп болжаған...». Нью-Йоркпен бірігу туралы референдумде Бруклин сайлаушыларының 51 % екі қаланың бірігуін қалады. Бүгінгі күнге дейін көптеген жергілікті қоғамшылдар өткен сайлауды үлкен қатклік деп есептейді.

Бруклин орталығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бруклиннің орталығында

Орталық ауданы қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасады. Бруклин тәуелсіз қала болғанда бұл аудан оның мәдениет және іскерлік орталығы болған. Осындай қалпында ол 1898 жылы Нью-Йорк қаласының құрамына кіргенге дейін сақталды. Қазір бұл кеңістік жаңадан жоспарлау астында және Бруклин муниципалитеті (Боро-Холл) мен Бруклиннің әділет Үйі орналасқан ікерлік орталыққа айналу үстінде. Ауданның назар аударарлық орындарына Фултон стриттегі (Fulton Street) сауда орталығын, Бруклиндік Музыка Академиясы мен Нью-Йорк транспортының музейін қосып кетуге болады. Бруклин Манхэттенмен Бруклин, Манхэттен және Вильямсбург көпірлерімен, сонымен қатар Нью-Йорк жер асты қалалық электрлік темір жол бағыттарымен қатынасады.

Алғашында бұл аумақ метоаки тайпасының америкалық үнділерімен қоныстандырылды. 1600 жылы голландықтар осы жердегі билікті өз қолдарына алып, оны «Брёкелен» деп атады, бұл сөз «бүгілме сызық» дегенді білдіреді. 1814 жылға дейін Бруклиннің орталығы мен Бруклин-Хайтс тығыз қоныстандырылды, неге десеңіз бұл жерде Манхэттенмен өте ыңғайлы паромды хабарлама боып тұрды. Бұдан кейін Бруклин-Хайтс (Бруклин Шыңдары) Манхеттеннің тұңғыш серігі болып, ал Бруклиннің орталығы - Бруклиннің іскерлік орталығына айналды.

Бүгінгі Адамс Стрит

Нью-Йорк қаласына бұл аумақ 1935 жылы өтті. Мұнда Ұлы депрессия кезінде демонтаждалған көптеген үйлер мен жер үстіндегі темір жол қатынас жолдары болды. Темір жолдарының орнына құрылысшылар Бруклин көпіріне бағытталған автожолдарын төседі.

Бүгінгі күні Бруклиннің орталығында тарихи орындар, ірі компания ғимараттарынан басқа жаңа бизнес орталықтары мен комерциялық компания орындары белсенді салынып жатыр. Сонда да бұл орталық өзінің тарихи келпін жоғалттқан жоқ.

Тарихи Бруклин-Хайтс ауданы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бруклин Даунтаунының қасында орналасады, Court, Cadman Plaza (шығысында), Atlantic Avenue (оңтүстігінде) көшелерімен шектеседі, оның солтүстік бөлігі Бруклин және Манхэттен көпірлерімен тіреледі. Шағын ауданның батыс бөлігі таңқаларлық променад орналасқан Ист-Ривер жағалауында жатыр. Бруклин-Хайтстың әр махалласында виктория дәуірінен сақталып қалған көркем тасты үйлер бар. Бұл шағын ауданда әр түрлі сәулет өнерінің үлгілері кездеседі. Мысалы XIX ғасырдың басындағы федералды түрдегі, псевдогрекше және псевдоготикалық үлгідегі, сонымен қатар қоңыр тастан жасалған итальяндық үйлер бар. Пьерпойнт Стрит пен Пьерпойнт Лэйндегі кейбір үйлер нағыз алпауыт қожалығы болып табылады. Бруклин-Хайтстағы үйлер 1965 жылы Нью-Йорк қаласының сәулетті ескерткіштерінің сақталуы туралы заңның астында болды. .

Қажылардың плимуттік шіркеуі Бруклин-Хайтста орналасады.

Шағын ауданды шығыс жағынан шектейтін променад 1953 жылы сол уақытқа дейін салынып қойған екі қабатты Бруклин — Куинс автомагистралінің үстінде пайда болды. Променад өзімен екі қабатты автожолдың үстінде орналасқан күнқағарды көрсетеді. 1953 жылға дейін ол жерде жай ғана еңістер болды. Променадтың үстінен Манхэттеннің еліктіргіш көрінісі көздің жауын алады. Әрбір шілденің 4-ші күні АҚШ-тың Тәуелсіздік Күніне байланысты жасалатын отшашуларды көру үшін көптеген саяхатшылар променадқа келеді. Променадтың шығыс бөлігінде көптеген орындықтары бар керемет жасыл жол ұйымдастырылады. Бұл демалыс үшін арналған ғажап орын.

Проспект парк

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бруклиннің орталығында орналасқан, дәлірек айтсақ Флатбуш-авенюде. Огда күркелер, мұражайлар, стадиондар, тоғандар бар. Проспект-паркта үлкен шалғындық алаң бар. Сонымен қатар бұл жерде кеңсе жайы мен 175 адамға арналған зал және жануарлар саябағы бар серуеншілер үйі орналасқан. Проспект-парк Фредерик Олмстед пен Калверт Вокс деген сәулетшілермен жобаланған.

Бруклиннің жағажайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бруклиннің оңтүстік-шығыс жағажайы

Бруклин солтүстігінде Гудзон өзенімен, ал батыс жағында - Нарроуз шығанағымен, кейін Верезано көпірінен оңтүстікке қарай «төменгі Нью-Йорк шығанағымен» шайылып жатыр. Бруклиннің оңтүстік жағажайы Атлант мұхитымен жуылып жатыр. Батысқа - бұл ашық мұхит, мұнда Брайтон-Бич орналасқан. Одан әрі шығысқа қарай Бруклиннің оңтүстік жағажайы Ямайка шығанағымен шайылады. Дәл осы шығанақтың аумағында Бруклиннің көптеген фаунасы мен флорасы сақталған, сол себепті осы орындар Gateway National Recreation Area қорығының бір бөлігі болып табылады.

Кони-Айленд

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бруклиннің ең оңтүстігіндегі шетінде Кони-Айленд (Coney Island — бұрмаланған Нидерландқ Konijn Eiland — Қоян аралы). Брайтон-Бичтен басталатын променад Кони-Айландқа дейін жетеді. Жағажайдың бойында ауданның басты магистральдерінің бірі - Surf Avenue өтеді.

Бруклиндік аквариум Атлант мұхитының жағалауында, Surf Avenue-де орналасқан. Аквариум мұхиттан жағажай мен жиек бойымен өтетін ағаш променадпен (ағылш. Board walk) бөлінген. Аквариумде бірнеше павильон мен балықтар қатысатын цирк сеантері болатын бассейндер бар.

Surf Avenue-ден кейін әлемге атымен әйгілі Famous Nathan’s дәмханасы бар. Бұл дәмханада хот-дог жеуден әлем чемпионаты өтеді.

Аттракциондар саябағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Променад пен Surf Avenue-дің арасында, жағажайда көзбен шолу дөңгелегі мен парашют мұнарасы кіретін аттракциондар паркі орналасқан.

Бруклиннің жолдары мен көпірлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бруклин көпірі

Манхэттеннен Бруклинге 3 көпір жалғанып жатыр, олар: Бруклин көпірі, Манхэттен көпірі және Вильямсбург көпірі. «Бруклин-Квинс-Экспрессвэй» тас жолы осы екі ауданның арасындағы көліктер, жүк автомобильдер, автобус және т.б. үшін тез байланысты қамтамасыз етеді. Бұл жол нөмір 278 тас жолының бір бөлігі. Жолдың оңтүстік шегінде - Верразано көпірі. Бұл көпір Бруклин мен Статен-Айленд аудандарын жалғайды.

Жолаушылар тасымалы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бруклин арқылы Нью-Йорк метрополитенінің бірнеше жолдары өтеді. Олардың арасындағы 2, 3, 4, 5, A, C, B, D, F, J, M, N, R, Q, L және G жолдары Манхэттенмен байланыс үшін тура бірнеше аялдамасы бар Квинске барады. Негізгі орын ауыстыратын түйіндер Jay St/Boro Hall, Atlantic Avenue/Pacific St және DeKalb Avenue станцияларында орналасады. Бруклин халқының 92,8 % Манхэттенге тәулігіне 24 сағат және аптасына 7 күн жұмыс істейтін метро арқылы жетеді.

  • Ауданда 56 автобус бағдары бар. Бруклиннің автобустік желісі ауданның әрбір бұрышын бүркейді. Сонымен қатар мұнда бірнеше автобустық жылдам бағдар бар. Және де Бруклинге таксимен жетуге болады.
  • Бруклинде Лонг-Айлендтің қала сыртындағы бөлігіне апаратын электрпойыздары шығатын қала маңайындағы темір жол вокзалы бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Population, Housing Units, Area, and Density: 2000" Мұрағатталған 12 ақпанның 2020 жылы., АҚШ халық санағы бюросы. Мамыр 11, 2007.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Brooklyn, New York City