Бостанқұм
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Бостанқұм | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Түрі | құмды, тасты |
Ұзындығы | 85 км |
Ені | 20 км |
Орналасуы | |
43°50′ с. е. 53°01′ ш. б. / 43.83° с. е. 53.01° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°50′ с. е. 53°01′ ш. б. / 43.83° с. е. 53.01° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Орналасуы | Еуразия |
Бостанқұм – Маңғыстау тауының шығысындағы қыратты құмды алқап.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандары жерінде орналасқан.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізінен, борлы шөгінділерден түзілген. Алқап солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км-ге созылған, ені 20 км.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өсімдіктерден селеу, еркекшөп, қияқ, жүзгін, шағыр, сексеуіл, бұйырғын, т.б. өседі.
Шаруашылық маңызы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бостанқұмда тұщы судың мол қоры бар. Ол құбыр арқылы Жаңаөзен және Ақтау қалаларына беріледі. Құм арқылы газ және мұнай магистральдік құбырлары өтеді.
Бостанқұм — шөбі шүйгін, суаты мол мал жайылымы. Құмды алқап шеттерінде Үштаған, Жарма, Сауысқан, Бостан, Бостанқұм елді мекендері орналасқан.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том