Бор рияны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Gentianales
Тұқымдасы: Rubiaceae
Кіші тұқымдасы: Rubioideae
Тегі: Rubia
Түрі: R. cretacea
Екі-есімді атауы
Rubia cretacea
Pojark.

Бояулық риян (лат. Rubia cretacea) - риян тұқымдасы, риян туысына жататын көп жылдық, кейде білеутамырлы бұташық өсімдік. Ембі өзені мен Үстірттің солтүстігіндегі бор жыныстарынан тұратын беткейлерде жеке түп болып кездеседі. Оның жатыңқы, жуандау сабақтарының биіктігі 20 – 50 см, сырты қырлы, жоғары жағы тікенді келеді. Боз, жасыл түсті етжең жапырақтары сопақ пішінді, ұзындығы 2 – 4 см, ені 1 – 1,5 см, 2 – 3-тен шоғырлана орналасады. Жапырақтарының шеті мен асты ілгекше тікенекті келеді. Сары түсті сирек гүлдері жартылай шатырша тәрізді, олар сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Мамырмаусым айларында гүлдеп, шілдетамызда жемістенеді. Жемісі қара түсті, ұзындығы 3 – 4 мм-дей. Бор рияны өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1] [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
  2. Қазақ Энциклопедиясы