Боралдай (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Боралдай
Боралдай өзені, Қазақстан
Боралдай өзені, Қазақстан
Сипаттамасы
Ұзындығы 130 км
Су алабының
ауданы
1 760 км²
Су шығыны 10,5 м³/с
Су ағысы
Бастауы Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай таулары
 • Координаттары 42°41′37″ с. е. 70°19′50″ ш. б. / 42.69361° с. е. 70.33056° ш. б. / 42.69361; 70.33056 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Арыс өзені
 • Координаттары 42°35′54″ с. е. 69°20′36″ ш. б. / 42.59833° с. е. 69.34333° ш. б. / 42.59833; 69.34333 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°35′54″ с. е. 69°20′36″ ш. б. / 42.59833° с. е. 69.34333° ш. б. / 42.59833; 69.34333 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Түркістан облысының Бәйдібек, Ордабасы аудандары

БоралдайАрыс өзенінің оң саласы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түркістан облысының Бәйдібек, Ордабасы аудандарымен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жинайтын алабының аумағы 1760 км2.

Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталып Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылының маңында Арыс өзеніне құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғары ағысы тау шатқалымен өтеді, аңғарында жабайы жеміс ағаштары (алма, долана, жабайы жүзім, т.б.) басым. Арыс өзеніне құятын тұсында аңғары кеңейіп, ені 1 - 4 км-ге жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Боралдай ауылы тұсындағы жылдық орташа су ағыны 10,5 м3/с. Суы тұщы. Минералдылығы 0,2—0,4 г/л. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен тікелей 10-нан астам ирригациялық каналдар тартылған.[1]

Боралдай атауына байланысты нұсқалар:

  • Боралдай - қалмақ тілінде "лай су" деген мағынаны білдіреді. Тау суы тасыған жолындағы жер қыртысын қопара ағады.


Боралдайдың боры бар,
Даңғараған жолы бар.
Боралдайға бармаған,
Адамдардың соры бар.

  • Боралдай - моңғол әскерінің батыры Бұрындаймен байланысты. 1236 жылы Бұрындай әскері қыстап шыққан.
  • Боралдай - қалмақ тілінде "буурулда" сөзі жусан (өсімдік) деген ұғымды бреді. Демек, "Боралдай" дегеніміз - "жусанды, жусан көп өсетін жер", ал, тыва тілінде (түркі тілі тобына жататын) "боралдыр" сөзі "күлгін" түсті, түрік тілінде "бурулдай" сөзі "күлгін түсті құс" деген мағынан білдіреді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы