Болат Әбжапарұлы Жылқышиев
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Болат Әбжапарұлы Жылқышиев (18 қыркүйек 1957 жылы, Сарыағаш ауданы) – қоғам және мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ химия-технологиялық институтын (1979), Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін (1996) бітірген. Мамандығы – инженер-механик, инженер-экономист.
- Еңбек жолын 1979 жылы «Өндірістік құрылыс материалдары» тресінің Бадам кірпіш з-тында шебер болып бастаған.
- 1980 – 84 жылы Осы тресте инженер, аға инженер, бас механиктің міндетін атқарушы;
- 1984 – 87 жылдары Қазақстан КП Шымкент қаласы Дзержинск (әл-Фараби) ауданы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы;
- 1987 – 91 жылдары Майтоң май комбинатында партбюро хатшысы;
- 1991 – 92 жылдары Шымкент қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары; 1992 – 95 жылдары Шымкент қаласы Дзержинск (әл-Фараби) ауданы әкімшілігінің бастығы;
- 1995 – 98 жылдары Тараз қаласының әкімі;
- 1998 – 99 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары; облыс әкімшілігінің құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің бастығы;
- 1999 – 2001 жылдары Кентау қаласының әкімі;
- 2001 – 2002 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды.
- 2002 жылдан облыс әкімі. Жылқышиев облысты баскарғалы халық тұрмысын, мәдениетін көркейту, мал басын көбейту, суармалы егістік көлемін ұлғайту секілді шаруалар жүргізіп келеді.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2