Блиндаж

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Блиндаж (фр. 'blіndage, blіnder' — бастырма бүркеніш), жертөле — жекелеген шағын құрамды топтарды (4 — 8 адам) оқтан, оттан, снаряд жарықшақтарынан, миналардан, жанғыш заттардан, сондай-ақ, ядролық жарылыстардың зақымдаушы факторларынан қорғайтын далалық жабық құрылыс.

Блиндаждың панажайдан айырмашылығы — мұнда химиялық қарулардан ұжымдық қорғаныс шаралары көзделмеген. Блиндаж сол жердегі жергілікті материалдардан (бөренелерден, бұталардан, сырықтардан, топырақтан) темір конструкциялар мен құрастырмалы темірбетон элементтерінен, топырақ салынған қапшықтардан, т.б. жасалады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”,II-том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ, 2001