Беген Омарұлы Есімов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Беген Омарұлы Есімов (9.3.1939 жылы туған, Түркістан облысы, Келес ауданы) – геология-минералдар ғылымдарының докторы (1984), профессор (1987), ҚР Білім беру ісінің үздігі (1993).

Ташкент қаласындағы Орта Азия политехнологиялық институтын (1961) және Өзбекстан ҒА Геология және геофизика институтының аспирантурасын (1967) бітірген. Тәжікстан геология басқармасында инженер-геолог (1961–64), Оңтүстік Қазақстан технологиялық институтында оқытушы, декан, докторант, доцент, 1-проректоры (1969–96) болды, ал 1996 жылдан кафедра меңгерушісі. Оның негізгі ғылыми еңбектері эксперименттік минералогия, техникалық петрография, шыны кристалды материалдар технологиясына арналған.Беген Омарұлы 160-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы, 20 патенттер мен авторлық куәлігі бар. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2005).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том