Бақыт Жанғалиева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бақыт Жанғалиева
Жалпы мағлұмат
Туған күні

11 маусым 1947 (1947-06-11)

Туған жері

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Қайтыс болған күні

24 маусым 2017 (2017-06-24) (70 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1969 - 2017

Бағыты

драма, мелодрама

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Бақыт Жанғалиева (1947 жылы 11 маусымда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Айшуақ ауылы - 24 маусым 2017 жылы Алматы) — актриса. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері (1998).

Жалпы мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы қәнсерватәриясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерватория») бітірген (1970). 1968 жылдан Қазақ академиялық драма театрында актриса. Жанғалиева осы театр сахнасында Бәтима (Т.Ахтановтың "Антында"), Баян, Ақтоқты (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Айман (М. Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Шырын (Н.Хикметтің "Фархат - Шырынында"), Ақбала (Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тері"), т.б. рольдерді орындады. Гастрольдік сапармен Ресей, Франция, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, т.б. шет елдерде және Қазақстан қалаларында болып өнер көрсеткен. Сондай-ақ, "Соңғы ызғар", және "Намыс" кинофильмдеріне түскен. "Құрмет" грамотасымен марапатталған.[1]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8