Бақсай (өзен, Атырау облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бақсай өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 106 км
Су алабының
ауданы
1204 км²
Су алабы Жайық
Су ағысы
Бастауы Жайықтан бөлініп шығады
 • Орналасқан жері Жалғансай ауылы тұсы
 • Координаттары 47°37′07″ с. е. 51°36′34″ ш. б. / 47.61861° с. е. 51.60944° ш. б. / 47.61861; 51.60944 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Каспий теңізіне жетпей құмға сіңеді
 • Координаттары 47°11′28″ с. е. 51°08′48″ ш. б. / 47.19111° с. е. 51.14667° ш. б. / 47.19111; 51.14667 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°11′28″ с. е. 51°08′48″ ш. б. / 47.19111° с. е. 51.14667° ш. б. / 47.19111; 51.14667 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Атырау облысы Махамбет ауданы

Бақсай Жайық өзенінің оң тармағы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атырау облысы Махамбет ауданы арқылы ағады. Ұзындығы 106 км, су жиналатын алабы 1204 км2.

Жалғансай ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығып, Каспий теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батыс жағасы тік жарлы, шығысы жайпақ. Сәуірмамыр айларында арнасы суға толығады. Осы мезгілдегі су ағымы 60 м3/с-қа дейін жетеді, орташа жылдық су ағымы 0,8 – 1,5 м3/с. Суы қараша айының соңында қатып, сәуірдің басында ериді. Жайылымдарды суландыруға, егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында Бақсай суландыру жүйесі салынған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]