Баян Сабырғалиұлы Бәсібеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Баян Сабырғалиұлы Бәсібеков (20.11.1937, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы1988, Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1985), профессор (1986). Саратов ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1960). 1961 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зертханалық институтында аспирант, кіші, аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі. Негізгі ғылыми жұмыстары агрохим. саласының мәселелерін зерттеуге арналған. Батыс Қазақстан жағдайында тыңайтқыш қолдану, оның агрохим. қасиеттерін анықтау, тиімділігін арттыру мәселелерін зерттеді.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы