Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
Лауазымы
Ту
Ту
5-ші Маңғыстау облысының әкімі
22 желтоқсан 2011 — қаңтар 2013
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Ізашары Қырымбек Елеуұлы Көшербаев
Ізбасары Алик Серікұлы Айдарбаев
Ту
Ту
8-ші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі
14 қазан 2005 — 2 сәуір 2009
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Даниал Ахметов
Ізашары Зауытбек Турысбек-тегi
Ізбасары Серік Баймағанбетов
Ту
Ту
4-ші Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Ту
Ту
қазан 1997 — қыркүйек 2000
Премьер-Министр Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрлан Балғымбаев
Ізашары Константин Колпаков
Ізбасары Игорь Рогов
Өмірбаяны
Партиясы «Нұр Отан»
Білімі ҚазҰУ
Мамандығы Заңгер
Діні Ислам
Дүниеге келуі 26 қараша 1960 (1960-11-26) (63 жас)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы
Жұбайы Мұхамеджанова Зарема Хайдарқызы
Балалары Мәдина (1980 жылы туған), Әдина (1997 жылы туған).
Әскер түрі запастағы капитан

Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов (26 қараша, 1960, Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылы) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2011).[1], Ішкі істер министрі, заң ғылымдарының докторы.

Қожа руынан шыққан.

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), заңгер.
  • Заң ғылымдарының докторы (2008). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы басқару формалары: конституциялық үлгі және мемлекеттік басқару тәжірибесі».
  • 1983 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші, кафедра ассистенті.
  • 1990 жылдың шілде айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі, заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі.
  • 1991 жылдың қыркүйек айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары.
  • 1992 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
  • 1993 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі.
  • 1994 жылдың ақпан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі
  • 1994 жылдың маусым айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Заңнамалық бастамаларжәне құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі.
  • 1995 жылдың қараша айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
  • 1996 жылдың желтоқсан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі.
  • 1997 жылдың қазан айынан — Қазақстан Республикасының әділет министрі
  • 2000 жылдың қыркүйек айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2002 жылдан — Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары.
  • 2003 жылдан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2005 жылдан — Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі
  • 2009 жылдың сәуір айынан бері — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
  • 22 желтоқсан 2011-20 қаңтар 2013 - Маңғыстау облысының әкімі.
  • 26 наурыз 2013 жылы - Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.[2]
  • 21 мамыр 2013 жылдан - Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы.[3]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Парасат» (1999)
  • «Барыс» (2004) ордендерімен;
  • медальдармен;
  • ҚР Құрмет грамотасымен (1993) марапатталған.

Әскери атағы — запастағы капитан.

Отбасылық жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Үйленген. Жұбайы - Мұхамеджанова Зарема Хайдарқызы.
  • Қыздары - Мәдина (1980 жылы туған), Әдина (1997 жылы туған).
  • Немерелері - Әлижан (2000 жылы туған), Әміржан (2004 жылы туған).[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Акимом Мангистауской области назначен Бауржан Мухамеджанов
  2. Мухамеджанов назначен Послом Казахстана в Литве Мұрағатталған 11 тамыздың 2014 жылы.
  3. Мухамеджанов назначен Послом Казахстана в Латвии Мұрағатталған 10 тамыздың 2014 жылы.
  4. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2