Батыр Баян (поэма)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Батыр Баян деген бетті қараңыз.

«Батыр Баян» (поэма) – қазақтың атақты қаламгері Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы.

Қысқаша мазмұны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл поэмада Баян есімді батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызын тұтқынға алды. Басты кейіпкер қалмақ қызына ғашық болды, алайда қыздың жағынан мұндай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болып табылады. Құралай Баянның інісі Батыр Ноянды сүйгендіктен, ол екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған елді сату деп есептегендіктен, олардың артынан қуды. Оларды қуып жеткеннен соң Баян туған інісін оқпен атып, сүйген қызын да аттан құлатты. Ал кейін, оларды өлтіргеннен соң Баян мұны олардың ісін сатқындық ретінде санағандықтан емес, махаббаттың кесірінен істегендігін түсінеді. Ол өз кінәсін түсінгеннен соң жылап, Құралай мен Ноян екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды және сол шайқас нәтижесінде Батыр Баян қайтыс болды.

Шығарма кейіпкерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысшыл. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.
  • Ноян - Батыр Баянның 15 жасар інісі,бар ақылы білегінде,махаббаты үшін барлығына даяр және бірнеше уақыт бойы Баянның ойынша сатқын ретінде қарастырылған кейіпкер. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.
  • Құралай - сұлу, қу, 14 жасар қалмақ жауынгерінің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, Құралайды тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады. Алайда Құралай Баянға ештеңе сезінген жоқ. Поэманың соңында Баян Батырдың қолынан қаза табады.
  • Абылай Хан - Қалмақтармен соғысқан қазақ халқының Ұлы ханы. Ол Баянға қалмақтармен шайқасуға тиым салған болатын. Алайда басты кейіпкер оның сөздеріне құлақ аспады.

Жазылу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Абылай ханның заманында Орта жүзде Уақ деген елдің Баян деген батыры болыпты. Сол батырдың басынан адами драмалық, трагедиялық оқиға өтіпті. Батыр баян қалмақ еліне шабуылдап жүріп қолына қалмақтың бір сұлу қызын түсірген екен. Бірақ қыз батырдың әйелі болуға көнбей еліне батырдың Ноян деген інісімен бірге қашады. Өйткені бұл қызға Баян да, Ноян да ғашық болады. Ақырында батыр Баян інісін елге, Отанға сатқындық жасадың деп өлтіріпті. Бұл аңызды 1921 жылы Мағжан Ташкентте Мұхтар Әуезовтің пәтерінде бір түн ұйықтамай отырып жазған екен.[1]

Маңыздылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Аңыз адам журналы
  2. Әдеби-көркем және әлеуметтік «Жалын» журналы

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]