Батисфера

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Батисфера

Батисфера (грекше bathэs — терең және sphіra — шар) — мұхитты, т.б. зерттеуге арналған шар пішіндес аппарат. Әдетте болаттан жасалады және оның су ішін бақылайтын терезелері (иллюминатарлары) болады. Оның ішінде 1 — 2 адам, ғылыми-зерттеу жүргізуге арналған аппаратура, ауаны тазарту жүйесі, телефон орналасады. Батисфераның көмегімен адамдар судың 1360 м тереңдігіне жетті (1948). 20 ғасырдың 50-жылдарынан Батисфераның орнына гидростат қолданыла бастады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы