Баспан
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Баспан тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Биіктігі |
1575 м |
Орналасуы | |
47°29′01″ с. е. 82°06′09″ ш. б. / 47.48361° с. е. 82.10250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°29′01″ с. е. 82°06′09″ ш. б. / 47.48361° с. е. 82.10250° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Баспан – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі тау сілемі.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абсолюттік биіктігі 1575 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Солтүстік-батыс беткейі тіктеу келген. Оңтүстігінде Тарбағатай жотасынан Базар, Қарғыба өзендері аңғарымен бөлінген. Солтүстік-шығыс беткейінен ұсақ өзендер мен бұлақтар бастау алады.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Геологиялық жер қыртысы Тарбағатай жотасымен, Алтай тау жүйесімен бірге қалыптасқан.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жотаның тіктеу келген беткейін қайың, терек аралас қылқан жапырақты орман көмкерген.[1]