Бари (Африка)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бари
Бүкіл халықтың саны

690 000

Ең көп таралған аймақтар
 Судан

450 000

 Уганда

50 000

 Конго Демократиялық Республикасы

20 000

Тілдері

бари тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Бари — негізінен Суданда, Джуба маңындағы Ніл жағасында тұратын халық. Жалпы саны 690 мың адам. Суданда шамамен 450 мың, Угандада 50 мың, Конго Демократиялық Республикасында 20 мың адам тұрады.[1]

Тілі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бари тілі - нилот тілдеріне жатады.[2]

Діні[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер, көпшілігі христиандар[3]

Кәсібі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (тары, маниок, жержаңғақ). Ірі қара мал шаруашылығы (зебу, қой, ешкі) қосалқы маңызға ие (бұрын басым болған). Олар құс өсірумен де айналысады. Дәстүрлі қолөнері: теріні алғашқы өңдеу, ағаштан, сүйектен ыдыс жасау, қамыстан тоқу. Ата-бабалардың ойылған ағаш мүсіндері (басқа нилоттардан айырмашылығы) тән.[4]

Өмір салты[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тайпалық жіктелу сақталған, туыстық есеп патрилинейлік. Неке вирилокалды. Көп әйел алу жиі кездеседі (полигамия).

Елді мекендер шағын, шоғырланып орналасқан. Аулалары аласа саман қоршаумен қоршалған, жақтауы бұтақтардан тоқылған және саз, көң қоспасымен сыланған дөңгелек қосалқы құрылыстар, астықтың бүлінуіне жол бермейтін тас немесе ағаш едені бар астық қоймасы және мал қоршаулары бар.

Ер адамдар киім кимеген, денелерін қызыл бояумен бояған. Әйелдер өсімдік талшықтарынан жасалған қысқа белдемше киген. Қазіргі уақытта Бари еркектері былғарыдан, өсімдік талшығынан немесе матадан жасалған денені орайтын мата, немесе еуропалық шалбар, жейде киеді, әйелдер - ұзын көйлектер киіп, әшекей бұйымдар - темір және мыс білезіктер, сақиналар, шаш қыстырғыштар, тұмарлар пайдаланады.

Негізгі тағамдары әртүрлі дәнді дақылдардан, көкөністерден, қуырылған жаңғақтардан, жемістерден және сүт тағамдарынан тұрады, етті сирек жейді.[5]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Значение БАРИ (НАРОД В АФРИКЕ) в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/1976289.html
  2. Большая Советская энциклопедия Бари (народ в Африке) https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/7870-bari-narod-v-afrike/
  3. Толковый словарь русского языка. https://sanstv.ru/dict/%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%B8%20(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%20%D0%B2%20%D0%B0%D1%84%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B5) Мұрағатталған 7 наурыздың 2023 жылы.
  4. Народы и культуры Б https://travel-journal.ru/ethno/28/421/
  5. народы мира / Бари (Африка) http://www.etnolog.ru/people.php?id=BARI