Барби

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Барбидің қазіргі логотипі

Барби (ағылш. Barbie — Barbara (Барбара) дегеннен қысқартылған) — 3-14 жас аралығындағы балалар ойнайтын немесе ересек адамдардық коллекция жасайтын алғашқы балаларға арналған ойыншық. Ең алғаш 1959 жылы АҚШ-тың Висконсин штатында шығарылды. Оны ойлап тапқан Рут және Эллиот Хэндлер есімді ерлі-зайыптылар болатын. Барбидің толық есімі — Барбара Миллисе́нт Робертс.

Барби авторы Рут Хандлер Barbie және Mattel өнімдерінің ассортиментімен бірге, 1961


Қырқыншы жылдардың ортасында ерлі-зайыпты Хэндлерлер суреттің ағаш көсегін жасап шығарумен айналысатын компания ашты. Бір күні Рут Хэндлердің жолдасына «Неге ағаштың қалдықтарын жарамсыз етіп тастай береміз?» деген ой келді. Қалдық дүниеден де қаржы табуға боларын білген ерлі-зайыптылар жаңа бір істі қолға алады. Одан соң Рут ағаш қалдықтарынан ойыншық жиһаздар жасауды ұсынады. Ол өзінің қызы Барбараның қуыршағын сіріңке қорабынан және кішкентай төртбұрышты ағаштардан жасалған жиһаздарға отырғызып ойнағанына қарап өзінше қуанып қалатын. Осылайша, ерлі-зайыпты өнертапқыштардың қалтасын суреттің ағаш көсегі емес, қуыршақтарға арналған ағаш жиһаздар қалыңдата бастады. 1956 жылы Рут Хэндлер Швейцарияға демалысқа аттанды. Ол осы өңірде жұрттың бәрі Лилли деп атайтын ерекше қуыршақпен танысты. Рут қуыршаққа асықпай қарап, оны зерттей бастады: түрі де, дене бітімі де, киімі де жаман емес сияқты. Бірақ біздің кішкентай қыздар кіндігі ашық не бойжеткен екендігі, не үлкен жастағы әйел екендігін белгісіз қуыршақтан ендігі жалыққан болар деп түйді. Осыдан кейін Рут кез келген кешкентай қыздың арманына сай, үлкен өмірдің үлгісін көрсетер қуыршақ жасауға бел буды. Нәтижесінде Барби өмірге келді. Барбиді өмірге әкелмес бұрын Рут қарапайым халық арасында әлеуметтік зерттеу жасады. Барби қуыршағын жасап біткенде, оны сауда айналымына салмай жатып, Рут 100 бүлдіршін қыз бен олардың аналарын шақыртып алып, жаңа қуыршаққа қандай баға беретінін сұрады. Сол кезде қыздардың аналарының шамамен барлығы дерлік Барбидің жарыққа шығуына қарсылық білдірді. Олардың сөзінше, қуыршақ натуралистік пікірді туындатады. Сондықтан онымен ойнау баланың психикасына айтарлықтай әсерін бермей қоймайды. Бірақ бұл кісілердің балаларының бәрі де осындай қуыршақпен ойнағысы келетінін, Барбидің жарыққа шығуына қос қолдарын көтере келісетінін айтты. Сөйтіп Рут балалардың тілегін орындауға шешім қабылады.

Осы уақыттарда Голливудта киноактриса Джейн Менсфилдтің аты дүркіреп тұр еді. Барби алғашында осы актрисаның толықтай дерлік көшірмесі болды. Барбидің алғашқы сәнді киімін жасау сол замандағы атақты сәнгерлер Живанши мен Диорға тапсырылды. 1958 жылы Хэндлер ресми түрде Барбиді патенттеп алды. Қуыршақ осыған дейін жарық көрген басқа бірде-бір ойыншықты қайталамады, ешбіріне де ұқсаған жоқ.

1959 жылы жыл сайынғы нью-йорктік балар ойыншықтарының жәрмеңкесінде Mattel компаниясы алғаш рет бүкіл әлемге өзінің жаңа туындысын таныстырды.

2013 жылғы Барби қуыршағы, Германия

Барби өзінің ұзын бойлы дене-бітімімен, қиылған қастарымен, көкшіл көздің асты-үстін көмкерген ұзын кірпіктерімен және аққұба келбетімен көпшілікті таңдандырды. Барбидің үстінде жолақты суға түсетін киім бар еді. Ал аяғында биік өкшелі жеңіл туфли бар-тын. Сонымен қатар, жәрмеңкеде жаңа қуыршақтың аққұба және қараторы сияқты екі түрі ұсынылды.

Әйткенмен бұл жаңа ойыншыққа көтерме саудамен айналыстан алушылар аса қызуғышылық таныта қоймады. Олар өздерінше америкалық ата-аналар балаларына мұндай «анайы» қуыршақты алып бермесіне сенді. Осындай шақта Рут Барбидің саудасын теледидардан тарату арқылы қыздыруға көшті. Осыдан кейін америкалық телеарналардың көбінде Барбидің жарнамасы тарала бастады. Уақыт өте келе Барби өз алушыларын жинай түсті. Осы қарқынмен ол бүкіл әлемге тарай берді.

Бірақ Рут тек бір Барибен ғана шектеліп қалғысы келмеді. Біраз уақыттардан кейін Барбидің төрт әпке-сіңлісі, бір ағасы, екі жиені, бірнеше құрбылары мен басқа үй жануарлары «туған». Олардың отбасы көбейген сайын, Руттың қалтасы да қалыңдаған үсті қалыңдай түсті. Өйткені отбасының әр мүшесіне киім-кешек, жиһаздар мен ыдыс-аяқ керек бола бастады. Мұның бәрін түгендеудің қамымен «басын ауыртқан» балалар ата-анасының қалтасына тыным берген жоқ.

Барбидің арқасында соңғы он жыл ішінде Хэндлерлердің ортақ қаржысы 500 миллион долларды құрады. 1993 жылы ерлі-зайыпты өнертапқыштардың отбасы 1 миллиард доллар қаражатқа кенелді. Ал 1994 жылы бұл ақша 2 миллиард долларға өсті. Осыдан қырық жол бұрын көтерме саудамен айналысатындар мойнын бұрып та қарамаған Барбиді жұрт «талай» бастады. Қазір Барби қуыршағы әлемнің 150 елінде сауда айналымына шығып тұрады. Бұл қуыршақ арнайы сарапшылардың айтуынша, бүкіл әлем бойынша өтімді жиырма тауардың қатарында. Бүгінгі таңда әр америкалық бүлдіршін бір қыздың басына оннан аса қуыршақтан тиеді. Ал Францияда бұл көрсеткіш жетіні, Англияда бесті көрсетеді. Италияның бүлдіршіндері америкалықтардан қалысар емес. Жыл сайын Барби қуыршағының 20 миллионы сатылымға шығады. Бүгіндері Барбиді Мадоннаның өзі тапсырыспен жасататын Рейчел киіндіреді. Гавай аралдарында Барбиге арналаған мұражай бар. Ал Англиядағы қала сыртындағы бір көше Барбидің құрметіне "а-ля Барби" деп аталған. Түрлі-түрлі Барби шығатын Mattel компаниясы тіпті Disney компаниясымен де келісімге отырған. Олар Диснейлендта Барби қуыршақтарын сату үшін арнайы рұқсат алған. Онымен қоса Mattel компаниясы атақты мультсериалдың кейіпкерлері Том мен Джерридің қуыршақтарын жасауға тапсырыс алған.

Кен - Барбидің сүйікті «жігіті». Барбидің сүйіктісінің пайда болуының өзі бір қызық. Mattel компаниясының өнертапқыштары жігіт қуыршақты жасауға келгенде өте көп ойланды. Мұны ерсі көргендер де жоқ емес еді. Кейбір ата-аналар ер адамның мүсінімен жасалған қуыршақты ешқандай да ата-ана баласына алып бермейді деп те ойлады. Оған қандай киім кигізу керектігі де жауапсыз сұрақтай көрінді. Әйткенмен ол бәрібір өмірге келді.

Жай ғана арманнан классикалық деңгейге дейін көтерілген қуыршақпен талай бүлдіршін ойнағаны рас. Балалық шақтың тәтті кездерін еске салатын Барби бүгіндері де аса сұранысқа ие.

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Руттың қуыршаққа барби деп ат қоюының себебі: жаңа қуыршаққа Рут қызы Барбараның есімін берді. Осылайша, Барби атауы өмірге келді.
  • Американдық Синди Джексон Барби қуыршағына ұқсау үшін 55 пластикалық операция жасатты. Нәтежиесінде астыңғы ерні ғана өзінікі болып қалды.
  • Fiat компаниясы Mattelмен серіктесіп «Барби» қуыршағының 50 жылдық құрметіне арнайы Fiat 500 автомобил версиясын шығарды. Автомобил салоны гулгін түсте көркемделген.
  • 2012 жылы Иранда бұл қуыршақты Мұсылмандыққа қарсы ықпал ететіндігенен сатылымға шағаруға тиым салғызды.
  • 2012 жылы V Magazine журналы мұқабасына 24 жастағы қуыршаққа өте ұқсайтын қыз - Валерия Лукьянованың фотосын салды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]