Балға лақтыру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Балға лақтыру
Балға лақтыру

Балға лақтыру (hammer throw), жеңіл атлетикадағы тәртіп. Мұндағы тәртіп бойынша спортшылар балғаны мүмкіндігінше алыс қашықтыққа лақтырады. Балға ұзындығы 1,2 м-ден аспайтын икемді сым тұтқасы байланған металл шарынан (7, 26 кг.) тұрады. Лақтырушы лақтырар алдында жоғарғы жылдамдықта үш айналым жасайды. Спорттың түрі ретінде балта лақтыру 14 ғ. Британ аралында пайда болған. Алайда 1866 жылдан бастап Кембридж және Оксфорд жарысы арасында ғана бағдарламаның тұрақты бөлігі болып саналған. Ал, 1900 жылдан бастап олимпиадалық спорт түрі болып аталады.



Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Қазақ энциклопедиясы