Баламалық қозғалыстар
Баламалық қозғалыстар — әлемдік, мемлекеттік не жергілікті деңгейдегі мәселелердің мемлекеттік ресми тәсілдерінен өзгеше, соны шешімін табуға тырысатын қоғамдық қозғалыстар. Баламалық қозғалыстар алғаш рет 20 ғасырдың 70-жылдарында Франция, Германия елдерінде пайда болып, кейін АҚШ-та, Жапонияда, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, т.б. елдерде кең өріс алды. Олар, негізінен, адамзат тіршілігіне қауіп төндіріп, саяси-әлеуметтік шиеленіске ұшыратуы ықтимал проблемалардың оңтайлы шешімін табу мақсатын көздейді. Ресми қозғалыстарға қарағанда Баламалық қозғалыстардың құрамы кең өрістетілген, әр алуандылығымен ерекшеленеді, яғни қоғамның барлық топтарының өкілдерінің үлес саны басым болады. Әлемдегі Баламалық қозғалыстардың арасында экологияны сауықтыру, соғысқа қарсы шығып, бейбітшілік орнату (пацифистік), адам мен азамат құқыларын қорғау, өмір сүру қабілетін арттыру қозғалыстары үлкен беделге ие болып, кеңінен қолдау тауып келеді. Кейінгі жылдары бұл қозғалыстар ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өрістеп, аса маңызды мәселелердің оңтайлы шешімін табуға ұйытқы болуда.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |